Шымкент қаласы бүгінде еліміздің қарқынды дамып келе жатқан ірі экономикалық орталықтарының біріне айналды. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлік саласы аймақ экономикасының негізгі қозғаушы күші болып отыр. Бұл бағыттағы өсім көрсеткіштері жыл сайын артып, қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосуда. Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Шымкентте жаңа жұмыс орындарының тұрақты құрылып жатқанын айғақтайды. Сондай-ақ осы кезеңде өндірілген өнім көлемі 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23,9%-ға артқан. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жетті. Бұл – республика…
Автор: author
2025 жыл – Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл жыл – ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының беделін арттырып, олардың қоғамдағы орнын айқындап, жаңа деңгейге көтеретін ерекше кезең. Әсіресе, қолымен жасап, темірді бағындырып, болашақты сомдап жүрген шеберлердің орны айрықша. Солардың бірі – дәнекерлеуші мамандығы. Дәнекерлеуші – болат пен оттың қожайыны. Оның қолынан шыққан әрбір іс – көзге байқалмайтын, бірақ өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылатын нәтижелер. Қаладағы биік ғимараттар, шалғай ауылдарды жалғайтын көпірлер, өндірістегі алып зауыттар, су бетінде жүзген кеме мен көкте самғаған ұшақ – бәрінің жүрегінде дәнекерлеушінің қолтаңбасы бар. Тіпті ғарышқа жол тартқан зымырандардың мықты қосылыстары…
2025 жыл – елімізде еңбек адамының жылы болып жарияланды. Бұл – әрбір жұмысшы мамандықтың қоғамдағы маңызын айқындап, қарапайым еңбектің қадірін дәріптейтін ерекше кезең. Осы орайда күнделікті тұрмысымызды сәнді де мәнді етіп жүрген кәсіп иелерінің бірі – кондитер мамандығына ерекше тоқталу орынды. Кондитер – тәтті тағам жасаушы ғана емес. Ол – нәзік талғам мен ерекше сезімді тоғыстыра білген шебер, әр туындысын өнерге айналдыратын жан. Оның қолынан шыққан әрбір торт, кекс, печенье немесе шоколад тек ас мәзірінің бір бөлігі емес, қуаныштың, шаттықтың, мерекенің белгісі. Бір сәтке ойлансақ: бала туған күнін тәттісіз елестету мүмкін бе? Үйлену тойындағы көп қабатты тортсыз салтанаттың сәні кіре…
Қазақ халқының ұлы даналығы – «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген нақылдың астарында терең мән жатыр. Бұл сөз – тек қана әдемі тіркес емес, қоғам дамуының заңдылығын айқындайтын өмірлік қағида. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз бірлігі жарасқан кезде небір қиындықты жеңіп, елдігін сақтап қалған. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген тұста қазақ халқының еңсесі тіктеліп, рухы асқақтады. Керісінше, алауыздыққа ұрынған шақта ел әлсіреп, тұтастығына сызат түскен. Демек, ынтымақ – өткеннің ғана емес, болашақтың да берік кепілі. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – ең алдымен адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ортақ мақсатқа ұмтылуынан басталады. Әділеттілік үстемдік еткен, әрбір азаматтың еңбегі…
Темір жол – ел экономикасының күре тамыры, халықтың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ететін стратегиялық сала. Бұл салада еңбек етіп жүрген әрбір маман – үлкен жауапкершілік пен тәртіптің иесі. Солардың бірі – 21 жыл бойы адал қызметімен көзге түсіп, тәжірибесімен дараланған Оразымбет Жақсыбек. Оразымбеттің еңбек жолы Сарыағаш станциясынан бастау алады. Алғашында ол жүк және багаж қабылдап тапсырушы болып қызмет атқарды. Бұл қызмет темір жолдағы маңызды буындардың бірі болып саналады. Себебі жүк пен багажды уақтылы, дәл әрі қауіпсіз қабылдау мен тапсыру – жолаушылардың, кәсіпкерлердің және жалпы халықтың сеніміне тікелей әсер етеді. Жас маман алғашқы күндерінен-ақ өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, әрбір тапсырманы уақытында…
Табиғаттың тылсым құбылыстары адамзат тарихында әрқашан маңызды рөл атқарып келген. Жаңбыр мен құрғақшылық, боран мен ыстық күн, найзағай мен жел — бәрі де адам өміріне, шаруашылығына, тұрмысына тікелей әсер етеді. Осындай кезде бізге бағыт-бағдар беретін, табиғаттың мінезін алдын ала болжап, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін жандар бар. Олар – метеорологтар. Метеоролог – жай ғана ауа райын айтатын маман емес. Ол – ғылым мен тәжірибені ұштастыра отырып, табиғаттың құбылыстарын зерттейтін, адамзатқа ыңғайлылық пен қауіпсіздік сыйлайтын шынайы шебер. Аспан түрі өзгерсе, жел бағыты ауысса, бұлт жылжып, жауын бұлттана бастаса – бәрін олар біліп отырады. Әрбір дерек – үлкен есептің бір бөлшегі, ал әр болжам…
В Шымкенте накануне нового учебного года на высоком уровне прошла традиционная августовская конференция учителей. Мероприятие, организованное под темой «Будущее образования: честный гражданин, профессиональный специалист», собрало педагогов, руководителей и представителей власти. В работе конференции приняли участие министр просвещения Республики Казахстан Гани Бейсембаев и аким города Габит Сыздықбеков, которые обсудили стратегические направления и актуальные вопросы сферы образования. Конференция стала не только подведением итогов работы педагогов за год, но и определила конкретные задачи на будущее. На встрече были подробно рассмотрены приоритеты нового учебного года. В последние годы объем государственной поддержки образования значительно увеличился, реализуются системные меры по повышению статуса учителя. В результате заработная…
Шымкент қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі ұстаздардың тамыз конференциясы жоғары деңгейде өтті. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен ұйымдастырылған жиынға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, білім беру саласындағы стратегиялық бағыттар мен өзекті мәселелер талқыланды. Бұл жиын ұстаздар қауымының жыл бойғы еңбегін саралап қана қоймай, келешекке арналған нақты міндеттерді айқындап берді. Конференция барысында жаңа оқу жылының басымдықтары кеңінен сөз болды. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп отырған қолдау көлемі артып, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде ұстаздардың еңбекақысы екі есеге өсті. Бүгінде Шымкент қаласының бюджетінің 37…
Темір жол – мемлекеттің күретамыры, ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Бұл салада еңбек ету – тек қана мамандық емес, үлкен жауапкершілік пен адалдықты қажет ететін өмірлік миссия. Осындай абыройлы міндетті атқарып жүрген жандардың бірі – Сарыағаш станциясының аға пойыздар қабылдаушысы, көп жылдық тәжірибесі бар Нурсейтов Ерлахан Мирзаевич. Ерлахан Мирзаевич 1973 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген. Ол жастайынан тәртіпке, еңбекке бейім болып өсті. Мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде теміржолшы болуды армандаған Ерлахан кейін сол мақсатқа жетіп, өмірін толықтай осы салаға арнады. Бүгінде ол темір жол саласында табанды еңбек етіп келе жатқанына 32 жыл толып отыр. Еңбек жолын ол Шеңгелді станциясында пойыздар…
Қоғамдағы тыныштық пен елдің тұрақтылығы – татулық пен достықтың баянды болуына тікелей байланысты. Татулық – берекенің бастауы, достық – халықты біріктіретін, мемлекеттің іргесін бекемдейтін қастерлі құндылық. Бірлік бар жерде ынтымақ орнайды, ынтымақ бар жерде тұрақтылық салтанат құрады. Ал тұрақтылық орнаған қоғамда даму мен ілгерілеу жолы кеңінен ашылады. Қазақстан халқы сан ғасырдан бері бейбіт өмірді басты мұрат етіп келеді, бұл дәстүр бүгінгі күні тәуелсіз еліміздің ең басты қағидатына айналды. Қазақстан – әлемге татулық пен келісімнің үлгісін көрсеткен бірегей мемлекет. Бүгінгі таңда елімізде жүзден астам ұлт пен этнос өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Түрлі мәдениет пен салт-дәстүрдің тоғысуы халықтар арасындағы…
