Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
Санатталмаған

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

authorBy author17 апреля, 2026Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. Кездесу «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында өтті.
Шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы волонтерлік қызметтің маңызын арттыру, жастарды қайырымдылық пен әлеуметтік белсенділікке тарту, сондай-ақ еріктілер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Кездесу барысында қатысушыларға волонтерлік қызметтің негізгі бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Сонымен қатар, жастарға арналған мүмкіндіктер мен жаңа бастамалар кеңінен талқыланды.
Іс-шараға Шымкент қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Бұхарбайұлы Парманов, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Қайрат Бақытұлы, «ASAA» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Данара Юрьевна Саранова, Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Асқар Рысбекұлы Шәріп, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттік ректоры, «Қазмед жастары» ұйымының жетекшісі Мерей Еламанқызы Асқар қатысып, жастарды еріктілік қызметке белсенді қатысуға шақырды.
Кездесуге 600-ге жуық жас пен еріктілер қатысып, өзара пікір алмасты және волонтерлік қозғалысты дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, қоғам игілігі жолында белсенділік танытқан азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-сессиясында 2026 жыл Тұрақты даму мақсаттары аясындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жарияланған болатын. Осыған орай, Астана қаласында Волонтерлік жылдың ресми ашылуына арналған республикалық форум өтіп, оған Шымкент қаласынан 20 белсенді жас қатысып, тәжірибе алмасты.
Бүгінде Шымкент қаласында 7 мыңға жуық ерікті тіркелген. «Birgemiz» жобасының 8 бағыты бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы волонтерлердің қатысуымен 197 іс-шара ұйымдастырылып, 14 мыңға жуық жас қамтылды. Сонымен қатар, «Жас волонтер» жобасы аясында 5 үздік жоба авторына 1 миллион теңгеден қайтарымсыз гранттар берілді.
Экологиялық бағытта «Таза Қазақстан» және «Таза Шым» акциялары аясында ЭКОБЕК және ЭКОНАЙ жобалары жүзеге асырылып, 48 іс-шара барысында 7 мыңға жуық жас қамтылды. Әлеуметтік бағытта 33 іс-шара ұйымдастырылып, 100-ден астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді. Ал білім беру және қауіпсіздік бағыттарында 10 мыңға жуық тұрғын қамтылды.
2026 жылдың алғашқы тоқсанында 40 іс-шара өткізіліп, 4 мыңнан астам жас қамтылды. Биыл волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ерікті көшбасшыларға арналған жазғы лагерь ұйымдастырылып, онда оқыту бағдарламалары, семинар-тренингтер мен командалық ойындар өтеді. Сонымен қатар, «Жас еріктілер корпусын құру» жобасы аясында 6 бағыт бойынша әрқайсысы 1 миллион теңге көлемінде гранттар қарастырылған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.