Автор: author

Отбасы – адамға өмірдің алғашқы сабағын беретін, мейірім мен жауапкершілікті қатар үйрететін қасиетті орта. Осы құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжінде Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыттың бастауы» атты тағылымды іс-шара өтті. Жиынға «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Баян Жандосова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезов, сондай-ақ колледж ұстаздары мен студенттер қатысты. Кездесуде отбасының қоғамдағы орны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, жастардың отбасылық өмірге дайындығы және ұлттық құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы сөз болды. Жиын барысында Ербол Байқонысов қатысушыларды…

Read More

Жылу маусымына дайындық – қыстың қамын алдын ала ойластыруды талап ететін жұмыс. Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстардың барысын бақылау мақсатында «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат төрағасы Мұрат Жолдыхожаев бастаған жұмысшы топ жылу жүйелерінің дайындығына мониторинг жүргізді. Жұмысшы топтың құрамында қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, мәслихат депутаты Муфтулла Қонақбаев және Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов болды. Жұмыс барысында мамандар «Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты нысандарды аралап, жылу желілерін алдағы маусымға дайындау барысымен танысты. Бұл мекеме Шымкент қаласындағы жылу желілерінің толық көлеміне, яғни 100 пайызына қызмет көрсетеді. Бүгінде кәсіпорынның қарамағында жалпы ұзындығы 823,8 шақырым жылу желісі…

Read More

Шымкент медициналық колледжінде жастар арасында этносаясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ діни сипаттағы жат ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесу барысында жастарға этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің маңызы, Қазақстандағы этносаясаттың негізгі қағидаттары, діни сауаттылықты арттыру және радикалды діни идеологияның алдын алу мәселелері жөнінде ақпарат берілді. Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Бектұрсын Омарбаев, қалалық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Самат Уәлихан, сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Нұржақсын Қармантай қатысты. Кездесу барысында мамандар жастардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамдағы тұрақтылық пен…

Read More

Индустриалды-техникалық колледжінде Отбасы күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінің «Көркем әжелер» тобының мүшелері – Атенова Тәттігүл, Мукашева Забира, Еркінбекова Рабиға және Жуманова Сырға қатысты. Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту, отбасындағы тәрбие, үлкенді құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. «Көркем әжелер» тобының мүшелері жастармен пікір алмасып, отбасы тәрбиесінің маңызы жөнінде ой-пікірлерін білдіріп, өмірлік тәжірибелері негізінде тағылымды кеңестерін жеткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, ұлттық тәрбие негіздерін қалыптастыру, үлкенге құрмет көрсету мәдениетін дәріптеу және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту. Іс-шара барысында қатысушылар…

Read More

Бүгін Абай Құнанбаев атындағы мектепте Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тілмен тоғысқан тағдырлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – тілді ұлттар мен ұлыстарды ұйыстыратын ортақ құндылық ретінде дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қоғамдағы тілдік татулықты нығайту. Дөңгелек үстелге Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Оспанов Мейрамбек Хаму оглы қатысып, тілдің қоғамды біріктірудегі маңызы жөнінде ой-пікірін ортаға салды. «Тіл – халықтың рухани болмысы мен мәдениетін айшықтайтын басты құндылықтардың бірі. Бүгінде елімізде әр этностың ана тілі мен мәдениетін сақтап, дамытуына барлық жағдай жасалған. Ал мемлекеттік тілді білу және оның қоғамдық қолданыс аясын кеңейту – баршамызға ортақ міндет. Осындай…

Read More

Шымкентте есірткінің таралуына жол бермеу, оның алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Шымкент – есірткісіз қала» жалпы қалалық акциясы басталды. Ауқымды бастамаға мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, қоғамдық ұйымдар мен жастар өкілдері қатысуда. Акцияның негізгі мақсаты – есірткі қылмысының алдын алу, заңсыз жарнаманы анықтау, интернет арқылы таралатын есірткі саудасына қарсы іс-қимылды күшейту және жастарды спортқа, білім мен шығармашылыққа тарту. Бастама «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделіп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бұл ретте есірткі қылмысына қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті ретінде қарастырылады. Заң талаптарын…

Read More

Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасы алдағы маңызды додаға дайындықты пысықтап жатыр. 21–30 қыркүйек аралығында Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар қазір оқу-жаттығу жиындарын жалғастыруда. Осыған орай «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев спортшылармен кездесіп, олардың дайындық барысымен танысты. Кездесу барысында алдағы жарысқа әзірлік, спортшылардың қазіргі жағдайы және федерация тарапынан атқарылатын жұмыстар талқыланды. Биылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы бақ сынайды. Олардың бесеуі – ерлер, бесеуі – қыздар. Әрқайсысы ел қоржынына жүлде салуға мүмкіндік беретін жауапты додаға дайындалып жатыр. Кездесуде спортшылар дайындық жұмыстары…

Read More

Шымкентте жаңа оқу жылында мектеп партасына 405 мыңға жуық оқушы отырды. Оның шамамен 29 мыңы – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер. Білім күніне арналған негізгі салтанатты жиын Теріскей шағынауданындағы жаңартылған №46 мектеп-лицейде өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Биылғы 1 қыркүйек «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбына арналды. Мерекелік жиын Мемлекеттік Туды көтеріп, Әнұранды орындаудан басталды. Қала әкімі білім сапасын арттыру, цифрландыру мен жасанды интеллектті меңгеру, сондай-ақ жастарға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Білім беру инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Соңғы екі…

Read More

На фоне оживленной атмосферы Курултая, где решаются судьбоносные вопросы развития региона, особое внимание привлек участок №14, расположенный по адресу ул. Гагарина, 22. Здесь собралась уникальная группа избирателей – десять высококвалифицированных IT-специалистов, к которым присоединился их не менее важный коллега – робот. Это событие стало не просто очередным этапом голосования, но и символом интеграции передовых технологий в общественную жизнь и демонстрацией того, как инновации могут влиять на принятие решений. Группа состояла из экспертов в различных областях информационных технологий: разработчики программного обеспечения, специалисты по кибербезопасности, аналитики данных, инженеры искусственного интеллекта, а также представители стартапов, работающих над прорывными решениями. Их объединяло не только…

Read More

Шымкент қаласындағы Абай атындағы орталық кітапханада қазақтың көрнекті опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Ермек Серкебаев – опера өнерінің дүлдүлі» атты әдеби-әуенді кеш өтті. Рухани шараны Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі ұйымдастырды. Кештің мақсаты – қазақтың кәсіби опера өнерінің дамуына зор үлес қосқан әйгілі әншінің өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, кейінгі ұрпаққа өнер жолындағы өнегесін таныту. Кеш барысында Ермек Серкебаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы сыр шертіліп, оның қазақ өнеріндегі орны кеңінен сөз болды. Қатысушылар әншінің сахнадағы жарқын бейнесі мен ұлттық музыка мәдениетіне қосқан үлесіне тоқталды. Әдеби-әуенді…

Read More