Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

authorBy author9 сентября, 2025Updated:9 сентября, 2025Комментариев нет12 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген басты бастамалардың бірі – бір палаталы Парламент құру туралы ұсыныс. Бұл идеяны қоғамның әр саласы талқылап жатыр. Өз басым Мемлекет басшысының бұл шешімін толық қолдаймын. Өйткені ол елдегі саяси өзгерістердің уақыты мен даму логикасынан туындап отыр. Президент тек құрылымдық өзгерістерге ғана емес, сонымен қатар тиімділік пен ашықтық басым болатын билік жүйесін мазмұндық тұрғыда жаңартуға ерекше назар аударуда.

Мемлекет басшысының бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарағанын атап өткен жөн. Ол асығыс шешім қабылдамай, қысым көрсетпей, ең алдымен қоғамның пікірін тыңдап, талқылауға уақыт беріп отыр. Бұл – нағыз саяси мәдениеттің айқын көрінісі. Көшбасшының ұсыныс жасап, пікірталасқа жол ашуы қоғамды ортақ шешімге келуге итермелейді. Мұндай тәсіл азаматтардың сенімін нығайтып, саяси жүйені демократиялық тұрғыда жетілдіруге ықпал етеді.

Қазақстан жағдайында екі палаталы жүйенің өзіндік артықшылықтары болғанымен, кейде ол заң шығару процесін тежеп, артық шығын талап етіп, қоғам күткен нәтижені бермей қалады. Сондықтан бір палаталы Парламент идеясы – көптен бері пісіп-жетілген мәселе. Құрылымды жеңілдету заң шығарушы билікті халыққа жақындатады, артық кедергілерді алып тастайды және маңызды шешімдерді жедел қабылдауға жол ашады. Мұндай жүйе парламенттік жұмыстың сапасын арттырып, оның әрбір қадамын халықтың мүддесіне бағыттауға мүмкіндік береді.

Президентіміз атап өткендей, соңғы сөз әрқашан халықтың қолында болуы тиіс. Бұл реформа да тек жалпыұлттық референдум арқылы жүзеге асуы қажет. Егер қоғам бұл бастаманы қолдаса, Қазақстан ықшам, мобильді әрі халыққа есеп беретін заң шығарушы жүйеге ие болады. Ондай Парламент формалдылық үшін емес, шын мәнінде халықтың мүддесі үшін жұмыс істейді.

Жалпы, Жолдауда айтылған бастамалар еліміздің демократиялық дамуына тың серпін беріп отыр. Бір палаталы Парламент құру туралы ұсыныс – осы өзгерістердің ішінде ең маңыздысы. Өйткені ол мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, халықтың саяси мәдениетін жаңа деңгейге көтереді. Қоғам пікірін ескеру, ортақ шешімге келу арқылы қабылданатын мұндай реформаның құндылығы да жоғары болмақ.

Біздің алдымызда үлкен сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер тұр. Соның ішінде саяси жүйені жетілдіру – мемлекеттің тұрақтылығы мен болашағына тікелей әсер ететін қадам. Егер осы реформаны табысты жүзеге асырсақ, Қазақстан демократиялық дәстүрді нығайтып, халыққа барынша ашық әрі тиімді мемлекеттік билік құра алады. Бұл – баршамыз үшін тарихи мүмкіндік.

Бұхарбай Парманов,
Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.