Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

authorBy author15 июня, 2026Updated:17 июня, 2026Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының бастамасымен «Біз біргеміз» достық лагері ұйымдастырылды. Екі күнге созылған іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері қатысты.
🔹Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Красные скалы» демалыс аймағында өткен лагерьдің негізгі мақсаты – жастар арасында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеу, патриоттық сананы нығайту және Мемлекет басшысы айқындаған нашақорлық, ойынқұмарлық, зорлық-зомбылық, ысырапшылдық секілді қоғам дертіне айналған келеңсіз құбылыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды қолдау.
🔹Лагерьдің салтанатты ашылу рәсіміне «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев пен Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Заңғар Үсіпахметов қатысып, жастарға сәттілік тілеп, ұйымның мақсат-міндеттері мен жастардың қоғамдағы рөлі туралы ойларымен бөлісті.
🔹Іс-шара барысында қатысушылар үшін тұлғалық даму мен көшбасшылық қабілеттерді жетілдіруге бағытталған арнайы оқыту алаңдары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Life Coaching, Career Coaching, Relationship Coaching, Team Coaching және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы құқықтық сауаттылық тақырыптарында тәжірибелі мамандар дәрістер өткізіп, жастармен ашық пікір алмасты.
🔹Оқу-ағарту бағытын негізге алған лагерь бағдарламасы жастарды жалпыұлттық бірлік идеясы төңірегіне топтастыруға бағытталды. Осы мақсатта спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, командалық тапсырмалар мен түрлі танымдық жұмыстар ұйымдастырылып, қатысушылардың өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік жасалды.
🔹Сонымен қатар, лагерь аясында табиғат аясында алау жағылып, қатысушылар өлең оқып, ән шырқап, еркін форматта ой бөлісті. Кеш ашық аспан астындағы кинокөрсетіліммен жалғасып, жастардың бір-бірімен жақынырақ танысуына және достық байланыстарын нығайтуына ықпал етті.
🔹Айта кетейік, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің басты мақсаты – Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды біріктіру, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және жастар бастамаларын қолдау. Сондай-ақ ұйым жастар арасында қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік тілді насихаттауға, этносаралық және мәдениетаралық диалогты дамытуға, патриоттық құндылықтарды дәріптеуге, волонтерлік пен қайырымдылық қызметті қолдауға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026

В ШЫМКЕНТЕ В ДВУХ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЯХ ПРОВОДИТСЯ МАСШТАБНЫЙ КАПИТАЛЬНЫЙ РЕМОНТ

26 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.