Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК
ЖАҢАЛЫҚТАР

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

authorBy author9 сентября, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында цифрландыру, өнеркәсіпті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және ауылшаруашылығы саласын өркендету бағытында бірқатар маңызды бастамаларды жариялады. Әсіресе ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу қажеттігі – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Өнімнің тек шикізат күйінде қалып қоймай, қосылған құны жоғары тауар түрінде нарыққа шығуы ел экономикасына да, шаруаларға да зор табыс әкеледі. Бұл тұрғыда агроөнеркәсіп кешенінде ғылымды дамыту – өте орынды көтерілген мәселе. Себебі агроғылым дамымай, ауылшаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігі артпайды, ал инновация мен заманауи тәсілдерсіз ауылдың болашағын елестету қиын.

Жолдауда айтылғандай, Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау міндеті жүктелді. Бұл платформа жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы толық мәліметтерді жинақтап, жүйелейді. Сонымен бірге онда каналдардың, су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйі жөніндегі ақпарат та қамтылады. Мұндай жоба – еліміздің су қауіпсіздігі үшін аса қажет қадам. Су ресурстарын тиімді пайдалану агросектордың дамуына тікелей ықпал етіп, өнімділікті арттыруға септігін тигізеді.

Бүгінгі күні ауылшаруашылығы саласының әлеуетін толық пайдалана алмай отырғанымыз жасырын емес. Бұл – мемлекет қана емес, бүкіл қоғам үшін ойланатын мәселе. Қазақ халқының тарихы, болмысы, рухани өзегі ауылмен тығыз байланысты. Сондықтан ауылшаруашылығының дамуы – ұлттық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының негізгі кепілі. Егер біз айтылған мәселелерді кешенді түрде шешіп, агросекторды жүйелі түрде қолдасақ, ауылдың әлеуеті артып қана қоймай, ел экономикасының да ілгерілеуіне үлкен серпін береді.

Қазіргі уақытта нарыққа бейімделу мен бәсекеге қабілетті болу – басты талап. Әлемдік нарықтағы өзгерістер ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлеміне жаңа міндеттер жүктейді. Бұл ретте ауыл еңбеккерлерінің еңбегін қолдау, заманауи технологияларды енгізу, өнімді өңдеу мен экспорттық әлеуетті арттырудың маңызы зор. Жаңа нарықтарға шығу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапалы өнім өндіруіміз қажет.

Сондай-ақ, агросекторды дамытуда инвестиция тарту мәселесі үлкен рөл атқарады. Алайда инвестиция тек көлемімен емес, бағытымен де құнды. Біз нақты қажет салаларды анықтап, инвестицияны дәл сол бағыттарға тартуымыз керек. Бұл жерде тәртіп пен айқындық болуы аса маңызды. Әсіресе су үнемдеу технологиялары, жаңа агротехникалар, логистика және өнімді терең өңдеуге бағытталған жобалар басты назарда болғаны жөн.

Жолдауда көтерілген барлық мәселелер уақытылы және орынды айтылған бастамалар. Егер осы шаралар дәйекті түрде жүзеге асса, ауылшаруашылығы Қазақстан экономикасының қозғаушы күшіне айналып, елдің азық-түлік қауіпсіздігі нығаяды. Ең бастысы, ауыл халқының тұрмысы жақсарып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ,
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.