Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
  • Шымкентте криптоактивтер мен цифрлық дәлелдемелерді зерттеу мәселелері бойынша өңірлік семинар-практикум өтті
  • «AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІН ЖЕҢУГЕ МҮМКІНДІК БЕРГЕН ОРТАЛЫҚ
  • «ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ЦИФРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДАМУДА»
  • ITS В ШЫМКЕНТЕ ПОВЫШАЕТ БЕЗОПАСНОСТЬ ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ
  • УМНЫЕ СВЕТОФОРЫ В ШЫМКЕНТЕ ПОМОГАЮТ СПАСАТЬ ЖИЗНИ
  • В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛОСЬ МАСШТАБНОЕ ПРАЗДНИЧНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ҮШІН»
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ПАЦИЕНТТІҢ БАС МИЫНДАҒЫ ҮШ КҮРДЕЛІ ПАТОЛОГИЯҒА ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

authorBy author18 марта, 2026Updated:19 марта, 2026Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

🔹Бүгін қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен республикалық референдумның қорытындыларын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуды мемлекет және қоғам қайраткері, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев жүргізді.

🔹Жиын барысында қатысушылар ел өміріндегі маңызды саяси науқан – жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы мен нәтижелері туралы пікір алмасты. Белгілі болғандай, 16 наурыз күні Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялап, референдумға қатысқан азаматтардың 87,15 пайызы ұсынылған өзгерістерді қолдап дауыс бергенін мәлімдеді. Сонымен қатар, референдум күні жүргізілген экзитпол нәтижелері де қатысушылардың 86 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдағанын көрсетті.

🔹Ассамблея мүшелері де жаңа Ата Заңды қабылдау бастамасын бір ауыздан қолдап, референдум қарсаңында тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен түрлі форматтағы кездесулер өткізіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізгені айтылды. Бұл жұмыстар қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың саяси белсенділігін нығайтуға ықпал етті.

🔹Жиын барысында ұлағатты ұстаз, қалалық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нышан Байғұтов, қалалық ассамблея жанындағы «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі Шолпан Торғаутова, сондай-ақ қалалық ассамблея төрағасының орынбасары Юрий Пан, , Рамиля Искандерова, Ирина Полякова және Наталья Романова өз пікірлерін білдіріп, референдум нәтижесінің ел дамуы үшін маңызын атап өтті.

🔹Сондай-ақ қатысушылар барша қазақстандықтарды алда келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, елге амандық, әр отбасыға береке мен қуаныш тіледі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026

В ШЫМКЕНТЕ В ДВУХ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЯХ ПРОВОДИТСЯ МАСШТАБНЫЙ КАПИТАЛЬНЫЙ РЕМОНТ

26 мая, 2026

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ҚАДАМДАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

25 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.