«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Өңірлік даму аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, кеңес төрағасы Лазиз Сулайманов және кеңес мүшелері қатысты.
Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды қолдау және оларды қоғамда кеңінен талқылау мәселелері қаралды. Қазіргі таңда елімізде жаңа Конституция жобасына байланысты ауқымды қоғамдық пікір алмасулар, сараптамалық кездесулер мен түрлі деңгейдегі жиындар өтіп жатқаны атап өтілді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша сөз алған Ербол Байқонысов конституциялық реформалардың маңыздылығына кеңінен тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жаңа Конституция жобасының жариялануы – Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің басталғанын айқындайтын тарихи құжат», – деді ол.
Ал Өңірлік даму аймақтық кеңесінің төрағасы Лазиз Сулайманов өз сөзінде жаңа Конституцияда көрініс табатын бірқатар маңызды бағыттарға назар аударды. Атап айтқанда, Халық кеңесінің рөлі, білім беру жүйесін дамыту, инновация мен технология саласындағы жаңашылдықтардың маңызы ерекше екеніне тоқталды.
Өз кезегінде кеңес төрағасының орынбасары Бауыржан Әлтеев жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын тарқатып, оның ел болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екенін жеткізді.
«Жаңа Ата заң – еліміздің құқықтық, әлеуметтік және саяси дамуының берік іргетасы. Алдағы референдум – әр азаматтың мемлекет болашағына қатысты өз таңдауын білдіретін тарихи мүмкіндік», – деді ол.
Жиын барысында кеңес мүшелері пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар конституциялық реформалардың қоғамдағы әділеттілік пен ашықтықты арттыруға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері жаңа Конституцияда бекітілетін нормаларды сапалы жүзеге асыру – ортақ міндет екенін атап өтіп, «Әділетті, Қуатты және Прогрессивті Қазақстанды» бірге құру жолындағы бастамаларды қолдайтындарын білдірді.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#АтаЗаңдыҚолда
Trending
- Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
- Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
- Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
- Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
- МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
- 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
- Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
- Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции

