Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДАМУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙТЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДАМУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙТЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ

authorBy author9 сентября, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысының Жолдауын бастан-аяқ тыңдап шықтым. Бұл құжат елдің алдағы даму бағытын айқындайтын, әрбір қазақстандық үшін аса маңызды стратегиялық бағдарлама деп санаймын. Президентіміздің бұған дейін Ұлттық құрылтайда айтқан ойларының Жолдауда жалғасын тауып, нақты ұсыныстар мен шешімдерге айналғаны – құжаттың ерекшелігін арттырып тұр. Халық дәл осы Жолдауды ерекше ықыласпен күткені де сондықтан болса керек.

Жалпы, Жолдауда мемлекеттің барлық саласына қатысты маңызды бастамалар қамтылған. Соның ішінде көлік-логистика саласын дамытуға және еліміздің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға ерекше назар аударылғаны көңілімнен шықты. Қазақстан қазір Еуразия мен Азияны жалғайтын ең ірі дәліздердің біріне айналып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін жасанды интеллектіні енгізу қажеттігі айтылды. Заманауи талапқа толық сай бұл шешім уақытынан бұрын қолға алынған батыл қадам деп ойлаймын.

Сонымен қатар, Президентіміз шекаралық аймақтардағы бақылау бекеттерін жаңғырту мәселесін көтерді. Бұл өте орынды бастама, себебі еліміздің Қытаймен, Ресеймен, Өзбекстанмен шектесетін өткізу бекеттері халықаралық стандарттарға сай болуы шарт. Мемлекет басшысының 34 шекаралық бекетті жаңғырту туралы тапсырмасы – халық күткен шешім. Өйткені ол бекеттерден күн сайын мыңдаған адам мен мыңдаған тонна тауар өтеді. Бұл тек экономикалық қана емес, қауіпсіздік тұрғысынан да үлкен мәнге ие.

Тағы бір назар аударарлық мәселе – туризм саласы. Президент еліміздің туристік әлеуеті жоғары болғанымен, қызмет көрсету сапасы мен инфрақұрылымның жеткіліксіздігін ашық айтты. Бұл салада министрлік пен жергілікті атқарушы органдар нақты, жүйелі әрі шұғыл шара қабылдауы қажет. Себебі туризм – елге инвестиция тартудың, мәдени мұраны насихаттаудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың басты саласы.

Ал Жолдаудағы ең басты жаңалықтардың бірі – бір палаталы Парламент құру туралы бастама. Бұл ұсыныс қоғамда бұрыннан айтылып жүрген пікір еді. Президент халықтың талап-тілегін ескеріп, уақыт талабына сай шешім қабылдады. Өз басым бұл бастаманы толық қолдаймын. Екі палаталы жүйе белгілі бір кезеңде қажет болды, алайда қазіргі жағдайда бір палаталы Парламент тиімді жұмыс істей алады деп есептеймін. Егер бұл мәселе референдумға шығарылса, халықтың басым бөлігі қолдайды деген сенімдемін.

Жолдауда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет пен руханият саласы да назардан тыс қалған жоқ. Астанада вагон құрастыратын зауыттың ашылуы ел экономикасына тың серпін береді. Бұл да индустриялық-инновациялық дамудың нақты көрсеткіші.

Жалпы алғанда, Жолдауда айтылған бастамалардың барлығы жүзеге асқан жағдайда, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа қарқын береді деп ойлаймын. Бұл – мемлекетіміздің болашағына деген сенімімізді арттыратын құжат.

Біржан Байтуов, айтыскер ақын

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.