Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

authorBy author9 сентября, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көтерілген бастамалардың ішінде ең елеулілерінің бірі – бір палаталы Парламент құру мәселесі. Бұл – еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер әкелетін тарихи қадам. Мемлекет басшысы мұндай реформаны асығыстықпен емес, жан-жақты талқылап барып жүзеге асыруды ұсынып отыр. Оның үстіне бұл бастаманы 2027 жылы жалпыұлттық референдумға шығару жөніндегі ұсынысы – демократиялық қағидаттарға берік ұстанымның айқын көрінісі.

Маған ерекше әсер еткені – Президенттің: «Іргелі реформаларды тосыннан жарияламаймыз, қоғамнан жасырмаймыз» деген сөзі. Шын мәнінде, тағдырлы мәселелерді тек халықтың қатысуымен, ашық талқылау арқылы ғана әділетті шешуге болады. Бұл – ел болашағына деген шынайы жауапкершілік пен сенімнің белгісі.

Парламенттік реформаның мәні терең әрі ауқымды. Егер ел бір палаталы Парламент құруға келіссе, саяси партиялардың жауапкершілігі бұрынғыдан да арта түспек. Мәжіліс нағыз саяси пікірталастар алаңына айналып, партиялар арасындағы бәсеке күшейеді. Мұндай өзгеріс халықтың сенімін арттырып, билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтады.

Сонымен қатар Жолдауда экономикалық салаға қатысты айтылған ойлар да көңілге қонымды. Президент бизнеске қолдау көрсету, әділ бәсекелестік орнату, адал еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерді қорғау қажеттігін қадап айтты. Бұл – Қазақстан экономикасына жаңа серпін беріп, елдің әл-ауқатын көтеретін маңызды шара. Кәсіпкерліктің дамуы әрбір азаматтың өмір сапасына тікелей ықпал етеді.

Саяси реформа мен экономикалық реформаның тоғысуы – біздің басты артықшылығымыз. Бір жағынан, халықтың сеніміне сүйенген ықшам әрі тиімді Парламент құрылса, екінші жағынан, еркін кәсіпкерлікке негізделген қуатты экономика қалыптасады. Екеуі де бір ортақ мақсатқа – Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құруға қызмет етеді.

Осы орайда барша азаматтың белсенділігі аса маңызды. Әрбір қазақстандық өз пікірін білдіріп, ортақ іске үн қосуы тиіс. Себебі бұл реформалар – тек биліктің бастамасы емес, бүкіл халықтың болашағына әсер ететін шешімдер.

Меніңше, ең бастысы – Президенттің ашық саясатқа деген адалдығы. Әдетте мұндай ауқымды өзгерістерді билік күтпеген жерден жариялайтын тәжірибелер кездеседі. Ал Тоқаев мырза керісінше, қоғамды алдын ала хабардар етіп, халықпен кеңесіп барып шешім қабылдауды жөн көрді. Бұл – азаматтық қоғамды саяси процестің белсенді қатысушысы ету, халыққа сенім білдіру деген сөз.

Сондықтан да бұл бастамаға бейжай қарамай, әрбір азамат өзінің пікірін ашық айтуы қажет деп ойлаймын. Бізді ортақ мақсат – Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құру жолындағы жауапты кезең күтіп тұр. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы мықты болса, кез келген реформа табысты жүзеге асады.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар». Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, бірлігіміз бекем, дамуымыз жедел болсын!

Тахирбек Нишанбаев,
«Шымкент қаласы өзбек этномәдени қоғамы» ҚБ төрағасы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.