Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАЗАҚСТАН ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ

authorBy author9 сентября, 2025Updated:9 сентября, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы мен экономикалық дамуына, сондай-ақ, Қазақстанның болашағына қатысты өте өзекті мәселелерді қозғады. Президентіміздің Қазақстанды толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи бастамасы – ел болашағын айқындайтын маңызды стратегия.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүргізілгені мәлім. Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіре түсу үшін парламенттік реформа жүргізуге бастамашы болып отыр. Әрине, ел болашағына қатысты осынау маңызды шешімді халқымыз референдум арқылы қабылдайды.

Менің ойымша, Парламенттің бір палаталы болуы Қазақстан секілді біртұтас, унитарлы мемлекет үшін өте орынды. Бұл отандық заң шығару жүйесін жетілдіруге, депутаттардың саяси салмағы мен ықпалын арттыруға жол ашады. Бір палаталы Парламенттің Үкіметті жасақтау мен оның жұмысын қағалаудағы рөлі арта түседі. Ал, оның құрамының партиялық жүйе арқылы жасақталуы саяси бәсекелестіктің, плюрализмнің артуына мүмкіндік береді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Қазақстан демократиялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басудың қарсаңында тұр.

Бұдан бөлек, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретінде, Жолдаудағы аймақтарға инвестиция тарту мәселелеріне айрықша назар аудардым. Қасым-Жомарт Кемелұлы инвестиция тарту — орталық атқарушы органдардың ғана емес, жергілікті биліктің де міндеті екеніне тоқталып, әкімдердің өңірдегі инвестициялық ахуалға тікелей жауапты болуы тиістігін айтты.

Осы орайда, Шымкентте инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстың біршама оң нәтижесі бар екенін атап өткім келеді. Нақты айтар болсақ, биыл қаңтар-маусым айларында қала экономикасына 359,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 31 пайызға өсті. Дегенмен, қол жеткізілген жетістіктерге тоқмейілсіп отыруға болмайтыны анық. Әсіресе, Президенттің арнайы экономикалық аймақтарды басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі нұсқауы өте орынды деп есептеймін. Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының көрсеткіштері жаман емес, бірақ, бұл аймақтардың әлеуетін дұрыс пайдалана білсек, ол қаладағы өнеркәсіптің дамуының қозғаушы күші бола алар еді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысына қатысты сын-ескертпесі де орынды. Менің ойымша, әкімдіктер бұл компаниялардың жұмысын түбегейлі қайта қарауы керек.

Айналып келгенде, Президент ұсынған экономикалық реформалар мен атқарушы билікке жүктеген міндеттердің түпкі мақсаты – тұрақты жұмыс орындарын құру, азаматтардың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсарту. Сол себепті Жолдауды жүзеге асыруға бүкіл қоғам болып атсалысуымыз керек.

Талғат БАЛТАБАЕВ,
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.