Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ПРЕЗИДЕНТ: ҚАЗАҚСТАН ҮШ ЖЫЛ ІШІНДЕ ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛУЫ ТИІС
ЖАҢАЛЫҚТАР

ПРЕЗИДЕНТ: ҚАЗАҚСТАН ҮШ ЖЫЛ ІШІНДЕ ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

authorBy author9 сентября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің үш жылдың ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс екенін нақты атап өтті. Бұл – кез келген қазақстандық үшін аса маңызды, тарихи мәнге ие бастама. Өйткені қазіргі заман талабы – цифрландыруды барынша жеделдетіп, оны экономиканың барлық саласына енгізу. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері цифрлық даму арқылы экономикасын нығайтып қана қоймай, халықтың білімін, мәдениетін, өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеріп отыр. Біз де осы көштен қалмауымыз керек. Президенттің «Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс» деуі – ұлттың болашағына деген зор жауапкершілікті сезінуден туған сөз.

Кітапхана саласы тұрғысынан алғанда, цифрландыру біз үшін ерекше маңызға ие. Көпшілік әлі күнге дейін кітапхананы тек кітап сақталатын орын деп қабылдайды. Шын мәнінде ол – халықтың ой-санасын дамытатын, ұлттық құндылықтарды сақтап, білім мен мәдениетті дәріптейтін үлкен рухани орталық. Бүгінгі таңда біз қағаз кітаптарды ұсынумен шектелмей, электронды кітаптар қорын қалыптастырып, түрлі онлайн платформалар арқылы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін ұсынып келеміз. Бұл жүйе әрбір оқырманға кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуға жағдай жасайды. Егер мемлекетіміз толыққанды цифрлық елге айналса, мұндай үрдістер әлдеқайда жүйелі әрі жедел дамитын болады.

Мысалы, жасанды интеллектті енгізу арқылы оқырманға жеке-жеке кітап ұсыныстары беруге болады. Әр адам өз қызығушылығы мен ізденіс бағытына қарай қажетті дерекке оңай қол жеткізеді. Бұл – болашақ кітапхананың заманауи бейнесі. Мұндай мүмкіндік тек жастар үшін емес, барлық жас ерекшелігіндегі азаматтарға пайдалы болмақ. Өйткені цифрландыру – адамдардың білімге қолжетімділігін теңестіреді, өңірлік немесе әлеуметтік айырмашылықтарды жояды.

Президент Жолдауында атап өткендей, тұрақты даму мен ұлттық қауіпсіздік тек экономика мен саясатқа қатысты нәрсе емес. Ол халықтың мәдениеті мен ой-санасына да тікелей байланысты. Сондықтан біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, оны әлемдік деңгейде таныта білуіміз қажет. Қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін цифрлық форматқа көшіру – болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырудың ең тиімді жолы. Бүгінде әлемдік тәжірибеде мәдени мұраны цифрландыру мемлекеттердің басты басымдықтарының біріне айналған. Біз де осы үрдістен шет қалмауымыз тиіс.

Мемлекет басшысы айтқандай, жаңа технологияны енгізу – тек техникалық мәселе емес, ол ең әуелі халыққа қызмет етуге тиіс. Яғни цифрландыру адам өмірін жеңілдетіп, білім мен мәдениеттің дамуына үлес қосуы қажет. Кітапханалар үшін бұл – оқырманмен жұмыс істеудің жаңа форматына көшу, білімді барынша қолжетімді ету деген сөз. Біз өз тарапымыздан осы үдеріске дайынбыз және Президенттің бастамаларын толық қолдаймыз.

Қорыта айтқанда, Жолдауда көтерілген «үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналу» мақсаты – еліміздің болашағын айқындайтын шешуші қадамдардың бірі. Бұл бағытта әрбір сала өз үлесін қосуы тиіс. Кітапхана да соның ішінде. Біз үшін цифрландыру – тек техникалық жаңару ғана емес, ұлттық руханиятымызды сақтап, оны жаңа буынға жеткізудің тиімді құралы. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді осы бағытта жұмсап, Қазақстанның нағыз цифрлық елге айналуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Анар Жаппарқұлова,
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.