Автор: author

Қазақстанда медициналық көмекті қаржыландыруда жаңа модельге көшу басталды. Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, халықтың қажеттілігі мен бюджеттік мүмкіндіктерді ескерген,нақты өзгерістерді ұсынып отыр. Жаңа жүйе 2026 жылдан бастап толық енгізіледі. Енді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арасындағы шекара нақты ажыратылатын болады. Бұл өзгеріс қызметтердің тиімділігін арттыруға, қайталанатын рәсімдер мен шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес, бірыңғай мемлекеттік медициналық көмектің жаңа пакеті қалыптасып жатыр. Оның басты мақсаты – медициналық қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте кезеңде анықтау, онкологиялық дерттерді…

Read More

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тұрғындарды қамту көрсеткіші тұрақты түрде артып келеді. Қазіргі таңда қала халқының 80 пайыздан астамы, яғни 1 миллионнан астам азамат сақтандырылған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Атап айтқанда, сақтандырылған азаматтардың 700 мыңнан астамы жеңілдік санатындағы тұлғалар қатарына кіреді. Олардың медициналық сақтандыруға арналған жарнасын мемлекет өзі төлейді. Бұл – азаматтардың әлеуметтік қорғалуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Дегенмен, 237 492 адамның сақтандыру мәртебесі жоқ. Оның ішінде 56 мыңнан астамы әлеуметтік осал топтағы азаматтар қатарына жатады. Бұл – шешімін қажет ететін…

Read More

Жаңа 2024–2025 оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты бірыңғай бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұған дейін жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жаңа мазмұндағы жалғасы. Бағдарлама Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасымен өзара үйлестірілген. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен бекітілген бұл бағдарлама арқылы оқушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа, елжандылыққа баулу көзделіп отыр. Бағдарламаның үйлестірушісі – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Бағдарлама алғаш рет жекеменшік мектептерге де міндеттеліп отыр. Бұл бастама тәрбие жұмысын ел бойынша бірізді жүйеге түсіреді. Сонымен қатар, мектеп…

Read More

Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, ұлт ретінде сақталып, мәдениетін жоғалтпай келуінің басты себептерінің бірі — берік отбасылық құрылым мен ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастық екені анық. Бұл қағида әсіресе Түркістан қаласында ерекше көрініс табады. Өйткені бұл қала — дәстүрлі дүниетаным мен заманауи өмір салты өзара ұштасқан қасиетті мекен, ал оның тұрғындары — ұлттық болмысты өз өмір салтында шынайы сақтап келе жатқан адамдар. Түркістандағы отбасыларда әлі күнге дейін ұрпақ арасындағы қарым-қатынаста «үлкенді сыйлау», «кішіге қамқор болу», «ата сөзі — ақылдың кені» деген ұғымдар басты орын алады. Қала тұрғындарының арасында үш ұрпақ — ата-әже, ата-ана, бала — бір шаңырақ астында өмір сүру дәстүрі…

Read More

В рамках стратегии интернационализации системы технического и профессионального образования в Казахстане реализуется 10 ключевых международных инициатив, направленных на повышение качества подготовки кадров и интеграцию отечественных колледжей в глобальное образовательное пространство. Об этом сообщает Министерство просвещения РК. В народе говорят: «Тот, кто нашёл дело по душе — найдёт и достаток». Человек, добросовестно относящийся к своему ремеслу, всегда будет оценён по достоинству. Важно внедрить это понимание в общественное сознание. Именно этим принципом обусловлено присуждение почётных званий гражданам. Ранее такие звания начали вручаться педагогам, медикам и деятелям культуры. Это хорошее начинание, и его следует расширять. На сегодняшний день заключено более 50 меморандумов с…

Read More

ТОО «NURTAU Distribution Company» — инновационное кондитерское предприятие, расположенное в городе Шымкент. Компания начала свою деятельность в 2016 году как дистрибьютор (в шестом квартале), а в 2019 году приступила к реализации проекта по созданию полноценной кондитерской фабрики. Проект был реализован в индустриальной зоне — районе Тассай, где на сегодняшний день располагается современное производство, оснащённое 8 линиями по выпуску шоколадного печенья и 2 линиями по производству жевательной резинки. Фабрика была запущена в 2020 году и способна производить от 300 до 400 кг шоколадного печенья и от 400 до 500 кг жевательной резинки в час. Годовая производственная мощность составляет 1,15 млн единиц…

Read More

«Ясауи ілімі қазақ ұлтының бас идеологиясы болғаны айдан анық. Абылай хан бастаған қазақтың хан-сұлтан, игі жақсылардың Түркістаннан жырақта өмір сүрсе де, соңғы демінде өздерін Ясауидің жанына апарып жерлеуді өсиет еткенін терең ойлансақ, біраз дүниенің басы ашылары хақ. Ясауи ілімі қазақ мәдениетінде, дүниетанымында, менталитетінде, әдебиетінде (өлең-жырларында), мақал-мәтелдерінде, салт-дәстүрлерінде күні бүгінге дейін айқын көрініп тұр. Біріншіден, Түркістан – түркі әлемінің алтын бесігі. Тек түркі әлемі ғана емес, әлем саяхатшыларымен жаһангерлер тәнті болған қасиетті мекен ғұлама ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің ілімімен тығыз байланысты. Екіншіден, Яссауи ілімі – түркі халықтарында ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтар топтамасы. Яссауитанушы Айнұр Әбдірәсілқызы Яссауи ілімін бірыңғай діни-мистикалық ілім…

Read More

Түркістан қаласы – қазақ халқының рухани құндылықтары мен ел тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, қазақ халқының болмысын айшықтайтын, 1500 жылдан астам тарихы бар руханияттың ордасы. Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының бүгінде тарихи нысандары да жетерлік. Түркістан ежелгі тарихтан сыр шертеді. Бүгінде тарихи орындарды қала тұрғындары, алыс-жақын елдерден келген туристер жиі тамашалайды. Бұл бағытта «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының мамандары да қазақ халқының рухани астанасы болған қаланың рухани құндылықтары мен ел тарихын дәріптеп келеді. Музейдің тарихи ескерткіштерді қорғау инспекторы С.Салходжаев өткен кезеңдердегі маңызды деректермен бөлісті. -Түркістан қаласы – Ясы деген…

Read More

Шымкент қаласында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының алғашқы өңірлік баспасөз туры өтті. Шара қордың үш жылдық жұмысын қорытындылау және жүйелі қайырымдылық бастамаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.  Баспасөз туры барысында жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері, блогерлер мен қоғам белсенділері қордың қолдауымен ашылған және жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Қатысушылар алдымен Ерте араласу орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық дамуында кідірісі бар балаларды ерте кезеңнен қолдауға бағытталған.   Мұнан соң делегация “QH Оңалту орталықтары” қайырымдылық бағдарламасы аясында ашылған оңалту орталығына барды. Бұл мекеме ерекше қажеттілігі бар балаларға кешенді оңалту қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, «Қамқорлық» №8 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының базасында жұмыс…

Read More

Қалалық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен “Дін саласындағы өзекті мәселелер мен оны шешу жолдары” тақырыбында республикалық семинар-конференция өтті. Өңіраралық тәжірибе алмасу бағытындағы іс-шараның мақсаты – дін саласындағы өңірлік деңгейде жинақталған тиімді тәжірибемен бөлісу, өзекті мәселелерді бірлесіп талдау және жат діни ағымдардың алдын алуда басқармалар мен орталықтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. Семинар-конференцияға еліміздің өңірлерінен келген дін істері басқармалары мен дін мәселелері жөніндегі орталықтардың басшылары қатысып, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар аясында діни қызметті реттеу: өзекті мәселелер мен шешу жолдары»,  «Интернет кеңістігінде діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету: жаңа сын-қатерлер және шешімдер» және «Интернеттегі діни құқық бұзушылықтар: мониторинг және әрекет ету жолдары» тақырыптары талқыға түсті. Сонымен қатар,…

Read More