Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ» ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ» ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

authorBy author14 июля, 2025Updated:27 июля, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Жаңа 2024–2025 оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты бірыңғай бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұған дейін жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жаңа мазмұндағы жалғасы. Бағдарлама Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасымен өзара үйлестірілген.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен бекітілген бұл бағдарлама арқылы оқушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа, елжандылыққа баулу көзделіп отыр. Бағдарламаның үйлестірушісі – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
Бағдарлама алғаш рет жекеменшік мектептерге де міндеттеліп отыр. Бұл бастама тәрбие жұмысын ел бойынша бірізді жүйеге түсіреді. Сонымен қатар, мектеп пен ата-ана, қоғам арасындағы байланысты нығайту, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру – негізгі мақсаттардың бірі.
Барлық мектептер үшін ортақ визуалды стандарт – брендбук енгізіледі. Мектептің ішкі-сыртқы келбеті, сабақ кестесі, тәрбие форматы ұлттық тәрбиелік мазмұнға сәйкестендіріледі. Ай сайынғы тақырыптар – әділдік, патриотизм, еңбекқорлық сынды құндылықтар сынып сағаттарынан бастап, қосымша іс-шараларға дейін тұтастықта жоспарланады.
Осы бағдарлама аясында Шымкент қаласында да дайындық жұмыстары басталып кетті. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, мегаполистегі 150-ден астам жалпы білім беру ұйымы жаңа форматқа көшуге дайын. Мұғалімдер мен сынып жетекшілерге арнайы оқыту курстары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, қала мектептерінде «Өнегелі 15 минут», күй әуенімен қоңырау соғу, ұлттық ойындарды енгізу жұмыстары пысықталуда. Бұл жаңашылдықтар оқушының ұлттық сана-сезімін қалыптастырып қана қоймай, мектеп өмірін мазмұнды етуге бағытталған.
Бағдарлама аясында құқық қорғау, ішкі саясат, денсаулық сақтау мекемелерімен байланыс артып, тәрбие жүйесі кешенді сипат алады. Шымкент қаласында да бұл бағытта бірлескен жоспар бекітіліп, әр білім беру ұйымында тәрбие жөніндегі арнайы үйлестірушілер белгіленді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.