Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «Қазақстан халқына» қоры Шымкенттегі әлеуметтік жобалармен таныстырды
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақстан халқына» қоры Шымкенттегі әлеуметтік жобалармен таныстырды

authorBy author13 июля, 2025Updated:20 июля, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының алғашқы өңірлік баспасөз туры өтті. Шара қордың үш жылдық жұмысын қорытындылау және жүйелі қайырымдылық бастамаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

 Баспасөз туры барысында жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері, блогерлер мен қоғам белсенділері қордың қолдауымен ашылған және жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Қатысушылар алдымен Ерте араласу орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық дамуында кідірісі бар балаларды ерте кезеңнен қолдауға бағытталған.

 

Мұнан соң делегация “QH Оңалту орталықтары” қайырымдылық бағдарламасы аясында ашылған оңалту орталығына барды. Бұл мекеме ерекше қажеттілігі бар балаларға кешенді оңалту қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, «Қамқорлық» №8 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының базасында жұмыс істеп тұрған Аутизм орталығының қызметімен танысуға мүмкіндік болды. Орталық аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетеді.

 

Баспасөз турының келесі нүктесі — TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығы. Мұнда қордың «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында мамандар балалардың үйіне барып, арнайы оңалту бағдарламаларын ұсынады.

 

Сапар барысында «Көмекші мектеп-интернат» КММ мен «Тұсау кесер» жобасы аясында ашылған спорт залы да көрсетілді. Бұл жобалар инклюзивті білім беру мен ерекше балалардың дене дамуына жағдай жасауға бағытталған.

 

2022 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоры Шымкент қаласында жалпы сомасы 12,1 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен. Пресс-тур барысында осы қаржы аясында жүзеге асқан жобалардың нақты нәтижесі жұртшылық назарына ұсынылды.

 

Аталған әлеуметтік нысандар мен жобалар туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.