Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАМТЫЛҒАН
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАМТЫЛҒАН

authorBy author14 июля, 2025Updated:27 июля, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тұрғындарды қамту көрсеткіші тұрақты түрде артып келеді. Қазіргі таңда қала халқының 80 пайыздан астамы, яғни 1 миллионнан астам азамат сақтандырылған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Атап айтқанда, сақтандырылған азаматтардың 700 мыңнан астамы жеңілдік санатындағы тұлғалар қатарына кіреді. Олардың медициналық сақтандыруға арналған жарнасын мемлекет өзі төлейді. Бұл – азаматтардың әлеуметтік қорғалуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Дегенмен, 237 492 адамның сақтандыру мәртебесі жоқ. Оның ішінде 56 мыңнан астамы әлеуметтік осал топтағы азаматтар қатарына жатады. Бұл – шешімін қажет ететін өзекті мәселе.
МӘМС туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейдегі әлеуметтік топтарға жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыру жарналарын төлейтін болады. Бұл жаңашылдық табысы төмен немесе уақытша қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
– Бұған дейін жарна төлеуді тоқтатқан азаматтардың сақтандыру мәртебесі тек 3 айға ғана сақталатын. Енді 5 жыл бойы тұрақты жарна төлеген азамат жұмысынан айырылса, оның мәртебесі 6 айға дейін сақталады. Осы аралықта азамат медициналық көмек ала алады, бірақ кейін бұл мерзімдегі қарызын өтеуі тиіс, – деді Арапкүл Ізбасарова.
Сонымен қатар, ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да МӘМС жүйесіне жергілікті бюджет есебінен автоматты түрде қамтылады. Бұл бастама өңірлердегі әкімдіктердің жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықты қолдау бағыттарындағы жауапкершілігін күшейтеді. Әкімдіктер жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кедейлік деңгейін төмендету бағытында нақты іс-шаралар қабылдауға ынталы болады.
Сақтандыру жүйесінің дамуы – халықтың денсаулығын жақсартудың, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің және медициналық қызметтердің сапасын арттырудың басты тетігі. Шымкент қаласы бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.