Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАҢА ЖҮЙЕ – ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢА ЖҮЙЕ – ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

authorBy author14 июля, 2025Updated:20 июля, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Қазақстанда медициналық көмекті қаржыландыруда жаңа модельге көшу басталды. Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, халықтың қажеттілігі мен бюджеттік мүмкіндіктерді ескерген,нақты өзгерістерді ұсынып отыр. Жаңа жүйе 2026 жылдан бастап толық енгізіледі.
Енді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арасындағы шекара нақты ажыратылатын болады. Бұл өзгеріс қызметтердің тиімділігін арттыруға, қайталанатын рәсімдер мен шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес, бірыңғай мемлекеттік медициналық көмектің жаңа пакеті қалыптасып жатыр. Оның басты мақсаты – медициналық қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте кезеңде анықтау, онкологиялық дерттерді скрининг арқылы тез қамту және науқастарға уақтылы көмек көрсету.
Маңыздысы – енді онкоскринингтер барлық азаматтарға, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін әрі қолжетімді болады. Сонымен қатар, туберкулез, АИТВ секілді ауруларға диагностика да ақысыз жүргізіледі. Жаңа үлгі бойынша жедел жәрдем, алғашқы тексеру, вакцинация, паллиативтік көмек пен шұғыл жағдайлар базалық пакетке кіреді.
Жүйе медициналық ресурстарды оңтайлы қайта бөлуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл тәсіл шетелде де бар: мысалы, Ресей мен Эстонияда тек шектеулі қызметтер тегін, ал Германия мен Нидерландыда мейіргерлік күтімге басымдық берілген еді. Қазақстандағы реформа – халықтың денсаулығына кепілді әрі әділ қолжетімділік беретін маңызды қадам.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.