Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

authorBy author13 июля, 2025Updated:20 июля, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Қалалық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен “Дін саласындағы өзекті мәселелер мен оны шешу жолдары” тақырыбында республикалық семинар-конференция өтті. Өңіраралық тәжірибе алмасу бағытындағы іс-шараның мақсаты – дін саласындағы өңірлік деңгейде жинақталған тиімді тәжірибемен бөлісу, өзекті мәселелерді бірлесіп талдау және жат діни ағымдардың алдын алуда басқармалар мен орталықтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Семинар-конференцияға еліміздің өңірлерінен келген дін істері басқармалары мен дін мәселелері жөніндегі орталықтардың басшылары қатысып, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар аясында діни қызметті реттеу: өзекті мәселелер мен шешу жолдары»,  «Интернет кеңістігінде діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету: жаңа сын-қатерлер және шешімдер» және «Интернеттегі діни құқық бұзушылықтар: мониторинг және әрекет ету жолдары» тақырыптары талқыға түсті.
Сонымен қатар, діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған өңірлік тетіктер, жат діни идеологиялардың таралуына қарсы іс-шаралар, мемлекеттік-конфессиялық қатынасты тиімді үйлестіру жолдары, ақпараттық және әдістемелік тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Конференция аясында қатысушылар өз өңірлеріндегі озық тәжірибелер, тиімді жобалар мен бастамалар жөнінде баяндады.
Қалалық Дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев қоғамда адасып жүргендерді салт-дәстүрлерімізге бағыттау, интернет желілерінде түйткілді мәселелерді шешу өзекті екенін атап өтті.
Екі күндік іс-шара барысында Шымкент қаласының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ директоры Айдос Оралбаев деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен адамдармен жұмыс жүргізуде Шымкент қаласының тәжірибесі мен жетістіктері жөнінде толығырақ айтып берді.
Семинар қорытындысы бойынша бірқатар ұсынымдар қабылданды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.