Қазақстан Республикасының Президенті халыққа арнаған Жолдауында жасанды интеллект технологиясының ел дамуына тигізер әсерін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұл бағытта әлемдік үрдістен қалыс қалмай, Қазақстан да жаңа технологияны күнделікті өмір мен экономикаға кеңінен енгізуі қажет екенін айтты. Жасанды интеллект тек өндіріс пен білім беру саласында ғана емес, мемлекеттік басқаруда, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қызмет көрсетуде де кең қолданыс табатынын жеткізді. Президенттің айтуынша, бұл технология уақытты үнемдеуге, адам ресурстарын тиімді пайдалануға және шешім қабылдау сапасын арттыруға жол ашады. Мемлекеттік қызмет жүйесінде цифрлық шешімдер арқылы халыққа көрсетілетін қызмет жылдам әрі ашық болады. Бұл – жемқорлықты азайтып, қоғам сенімін нығайтудың маңызды қадамы. Мемлекет басшысы…
Автор: author
Президент Жолдауда өңірлерді дамыту мен инвестиция тарту мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл бағыттағы жауапкершілік жергілікті басшыларға жүктелуі тиіс екенін, тек орталыққа қарап отырмай, өңір әкімдерінің белсенді жұмыс істеуі қажеттігін айтты. Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтарды тиімді пайдалану арқылы жұмыс орындарын ашу, терең өңдеу өнеркәсіптерін дамыту қажеттігін баса жеткізді. Бұл бастамаларды мен өте дұрыс деп санаймын. Сонымен бірге, тексерістерге қатысты айтылған ұсыныстар да көңілге қонымды. Салық және мемлекеттік органдар тарапынан бақылау шаралары жазалау емес, ескерту түрінде жүргізілгені кәсіпкерлер үшін әлдеқайда тиімді болар еді. Өйткені көптеген кәсіпкерлердің жалдамалы есепшілері тәжірибесіздіктен немесе білместіктен қате есеп тапсыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден айыппұл салып,…
Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауында бірқатар мәселе көтерілді, тағы да тапсырмалар берілді. Солардың ішінде екеуіне тоқталуды жөн көріп отырмын. «Қазір елімізде 21 кодекс, 300-ден астам заң бар. Оларға тым көп түзету енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы келіп жатады. Түптеп келгенде, осының бәрі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр. Заңнаманы түгел тексеріп, зерделеп шыққан жөн. Жасанды интеллект технологиясы мұны жылдам, әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Қ. Тоқаев бүгінгі Жолдауында. Елімізде екі миллионнан астам шағын бизнес субъектісі болса, соның алты пайызға жуығы ғана өнім өндіреді. Бұл – болмашы көрсеткіш екені аз айтылып жүрген жоқ. Сол себепті, «Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көтерілген бастамалардың ішінде ең елеулілерінің бірі – бір палаталы Парламент құру мәселесі. Бұл – еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер әкелетін тарихи қадам. Мемлекет басшысы мұндай реформаны асығыстықпен емес, жан-жақты талқылап барып жүзеге асыруды ұсынып отыр. Оның үстіне бұл бастаманы 2027 жылы жалпыұлттық референдумға шығару жөніндегі ұсынысы – демократиялық қағидаттарға берік ұстанымның айқын көрінісі. Маған ерекше әсер еткені – Президенттің: «Іргелі реформаларды тосыннан жарияламаймыз, қоғамнан жасырмаймыз» деген сөзі. Шын мәнінде, тағдырлы мәселелерді тек халықтың қатысуымен, ашық талқылау арқылы ғана әділетті шешуге болады. Бұл – ел болашағына деген шынайы жауапкершілік пен сенімнің белгісі. Парламенттік реформаның мәні терең…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген басты бастамалардың бірі – бір палаталы Парламент құру туралы ұсыныс. Бұл идеяны қоғамның әр саласы талқылап жатыр. Өз басым Мемлекет басшысының бұл шешімін толық қолдаймын. Өйткені ол елдегі саяси өзгерістердің уақыты мен даму логикасынан туындап отыр. Президент тек құрылымдық өзгерістерге ғана емес, сонымен қатар тиімділік пен ашықтық басым болатын билік жүйесін мазмұндық тұрғыда жаңартуға ерекше назар аударуда. Мемлекет басшысының бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарағанын атап өткен жөн. Ол асығыс шешім қабылдамай, қысым көрсетпей, ең алдымен қоғамның пікірін тыңдап, талқылауға уақыт беріп отыр. Бұл – нағыз саяси мәдениеттің айқын көрінісі. Көшбасшының ұсыныс жасап,…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің үш жылдың ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс екенін нақты атап өтті. Бұл – кез келген қазақстандық үшін аса маңызды, тарихи мәнге ие бастама. Өйткені қазіргі заман талабы – цифрландыруды барынша жеделдетіп, оны экономиканың барлық саласына енгізу. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері цифрлық даму арқылы экономикасын нығайтып қана қоймай, халықтың білімін, мәдениетін, өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеріп отыр. Біз де осы көштен қалмауымыз керек. Президенттің «Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс» деуі – ұлттың болашағына деген зор жауапкершілікті сезінуден туған сөз. Кітапхана саласы тұрғысынан алғанда, цифрландыру біз үшін ерекше маңызға…
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы мен экономикалық дамуына, сондай-ақ, Қазақстанның болашағына қатысты өте өзекті мәселелерді қозғады. Президентіміздің Қазақстанды толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи бастамасы – ел болашағын айқындайтын маңызды стратегия. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүргізілгені мәлім. Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіре түсу үшін парламенттік реформа жүргізуге бастамашы болып отыр. Әрине, ел болашағына қатысты осынау маңызды шешімді халқымыз референдум арқылы қабылдайды. Менің ойымша, Парламенттің бір палаталы болуы Қазақстан секілді біртұтас, унитарлы мемлекет үшін өте орынды. Бұл отандық заң шығару жүйесін жетілдіруге, депутаттардың саяси салмағы мен ықпалын арттыруға жол ашады.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын оқытушы-профессорлар қауымы мен студент жастармен бірге тыңдадық. Президенттің биылғы Жолдауды әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделілігімен бастауы әрбірімізді ойландыруы тиіс. Расында, алып державалар арасындағы бәсекелестік пен аймақтық қақтығыстар, энергетикалық және экономикалық ресурстарға сұраныс елдің тұрақтылығына, экономикалық дамуына және қауіпсіздігімізге әсер етері анық. Осыған қарамастан Қазақстан қазір теңдессіз бейтараптық ұстанымы арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытып, айқын стратегиялар арқылы ішкі және сыртқы тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Түрлі қайшылықтарға қарамастан, Президент еліміздің дамуы тоқтамауы керектігін айтты. Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда білім мен ғылымға салынатын инвестиция – болашаққа салынған ең сенімді капитал. Бұл ретте Президент бастамасымен күні кеше…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы ел тағдырына тың серпін беретін, айқын мақсаттар мен нақты міндеттерге толы тарихи құжат болды. Әсіресе, жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның орны туралы айтылған ойлар мені ерекше тебірентті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады» – деп нақты әрі батыл үн қатты. Шынында да, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бүгінгі әлемнің қалыптасу заңдылықтарын түбегейлі өзгертуде. Біз осы беталыстан қалып қоймай, керісінше білім мен тәжірибені, технологиялық жаңалықтарды үйлестіріп, еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз. Президенттің «Жасанды интеллект және цифрлық даму…
Мемлекет басшысының Жолдауын бастан-аяқ тыңдап шықтым. Бұл құжат елдің алдағы даму бағытын айқындайтын, әрбір қазақстандық үшін аса маңызды стратегиялық бағдарлама деп санаймын. Президентіміздің бұған дейін Ұлттық құрылтайда айтқан ойларының Жолдауда жалғасын тауып, нақты ұсыныстар мен шешімдерге айналғаны – құжаттың ерекшелігін арттырып тұр. Халық дәл осы Жолдауды ерекше ықыласпен күткені де сондықтан болса керек. Жалпы, Жолдауда мемлекеттің барлық саласына қатысты маңызды бастамалар қамтылған. Соның ішінде көлік-логистика саласын дамытуға және еліміздің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға ерекше назар аударылғаны көңілімнен шықты. Қазақстан қазір Еуразия мен Азияны жалғайтын ең ірі дәліздердің біріне айналып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін жасанды интеллектіні енгізу қажеттігі айтылды.…
