Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Кәсіпкерлерге түсінікті заң, тиімді қолдау қажет
ЖАҢАЛЫҚТАР

Кәсіпкерлерге түсінікті заң, тиімді қолдау қажет

authorBy author9 сентября, 2025Updated:9 сентября, 2025Комментариев нет10 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Жолдауда өңірлерді дамыту мен инвестиция тарту мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл бағыттағы жауапкершілік жергілікті басшыларға жүктелуі тиіс екенін, тек орталыққа қарап отырмай, өңір әкімдерінің белсенді жұмыс істеуі қажеттігін айтты. Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтарды тиімді пайдалану арқылы жұмыс орындарын ашу, терең өңдеу өнеркәсіптерін дамыту қажеттігін баса жеткізді. Бұл бастамаларды мен өте дұрыс деп санаймын.
Сонымен бірге, тексерістерге қатысты айтылған ұсыныстар да көңілге қонымды. Салық және мемлекеттік органдар тарапынан бақылау шаралары жазалау емес, ескерту түрінде жүргізілгені кәсіпкерлер үшін әлдеқайда тиімді болар еді. Өйткені көптеген кәсіпкерлердің жалдамалы есепшілері тәжірибесіздіктен немесе білместіктен қате есеп тапсыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден айыппұл салып, жазалау әділетсіздікке әкеледі. Керісінше, ескерту жасалса, ол әрі сабақ, әрі келесі жолы мұндай қателікке жол бермеудің тиімді тәсілі болар еді. Сондықтан кәсіпкерлерді қателік үшін бірден жазаламай, түсіндіру арқылы бағыт-бағдар беру бизнестің дамуына зор серпін береді деп ойлаймын.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңірлерді дамыту, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бастамалары кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау әрі бағыт-бағдар болып отыр. Президент атап өткендей, әрбір өңірдің басшылығы тек орталыққа қарап отырмай, өздері белсенді жұмыс атқаруы тиіс. Индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы айтқан салық және мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге деген көзқарасына қатысты ойлары біз үшін аса маңызды. Шын мәнінде, көптеген тексерістер жазалау сипатында емес, ескерту, түсіндіру түрінде болғаны жөн. Өйткені кез келген кәсіпкер жалдамалы есепшінің немесе қызметкердің қателігінен зардап шегуі мүмкін. Мұндай жағдайда бірден айыппұл салу бизнеске кедергі келтіреді. Ал ескерту түріндегі шара әрі сабақ, әрі алдағы уақытта мұндай қателіктерді болдырмаудың тиімді жолы болар еді. Бұл кәсіпкерлердің сенімін арттырып, бизнестің дамуына серпін береді.
Президент тау-кен металлургиясы саласының ел экономикасындағы орны мен әлеуетіне де ерекше тоқталды. Бұл сала Қазақстанның жаңа индустриалды бейнесінің тірегі болып келді және болашақта да үлкен мүмкіндігі бар. Әсіресе сирек кездесетін металдарды терең өңдеу елімізді жаһандық өндіріс жүйесінде мықтап орнықтырады. Алдағы үш жылда жоғары технологиялық өнім шығаратын кәсіпорындар ашу міндеті – уақытылы қолға алынған қадам.
Шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға жеткенімен, өнім өндірушілердің үлесі аз екені жасырын емес. Президент атап өткендей, жүйелі қолдау болмаса, бұл көрсеткіш экономиканы ілгерілетуге тың серпін бере алмайды. Сондықтан бизнестің заңнамалық ортадағы кедергілерін азайту, артық нормаларды қысқарту, қарапайым әрі түсінікті ережелер қалыптастыру кәсіпкерлер үшін аса қажет. Осы тұрғыда жасанды интеллект арқылы заңнаманы реттеу бастамасын толық қолдаймын. Бұл ескі нормалардың қайшылығын жойып, тиімді құқықтық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Энергетика саласында қолға алынған ірі жобалар да экономикаға қуатты серпін береді. Атыраудағы газ-химия кешені мен Павлодардағы сұйытылған газды терең өңдеу жобасы елімізді жаңа деңгейге шығаратын бастамалар. Бұл өндірістер уақытылы іске қосылса, қосымша құнды өнімдер пайда болып, ішкі және сыртқы нарыққа оң әсер етеді. Ең бастысы – инвесторларды газбен ұзақ мерзімге әрі тұрақты қамтамасыз ету кепілдігі қажет екені өте орынды айтылды.
Қорытындылай келе, Президенттің Жолдауда көтерген бастамалары кәсіпкерлердің ең өзекті мәселелеріне нақты жауап береді. Әсіресе бизнесті жазалау емес, қолдау бағытындағы ойлары үлкен сенім ұялатады. Біз кәсіпкерлер де мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.