Шымкент қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ бастамасымен импортты алмастыру бағдарламасы аясында отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған кең көлемді дөңгелек үстел өтті. Бұл бастама елордада бастау алып, өңірлерде жалғасын тауып отыр. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес қауымдастықтар мен отандық кәсіпорындардың жетекшілері қатысты. Кездесуде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістік әлеуетті дамыту және отандық өнімдердің нарықтағы үлесін кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Бүгінгі таңда «Қазатомөнеркәсіп» сатып алып отырған тауардың 65 пайызы жергілікті өндірушілердің үлесінде. Бұл – импортқа тәуелділікті азайтуға және ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды көрсеткіш. Компанияның сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықовтың айтуынша, басты мақсат…
Автор: author
«Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы қажет», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында. Шымкент қаласының экономикасы соңғы жылдары тұрақты даму үрдісін көрсетіп отыр. Бұл – инвестиция тарту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі. 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш тіркелді. Ел Үкіметі бекіткен декомпозицияға сәйкес, 2025 жылы Шымкентке 1 трлн 54 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025–2029 жылдары өңдеу өнеркәсібінде 112 кәсіпорын ашу көзделуде. Бұл жобаларға 406…
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында: «Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді» – деп атап өтілді. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында инвестиция тарту көлемі жыл сайын артып келеді. Тек биылдың қаңтар–сәуір айларының өзінде қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш болды. Ел Үкіметінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Шымкентке 1 триллион 54 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Қала экономикасын әртараптандыру үшін өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық берілуде. 2025–2029 жылдары бұл салада 112 жаңа кәсіпорын іске қосылады деп жоспарланған. Жобаларға тартылатын…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайту Үкіметтің стратегиялық міндеті екенін атап өтті. Осы бағыттағы ең ірі әрі стратегиялық маңызы жоғары жобалардың бірі ретінде Шымкент қаласында «Бозарық» индустриялық аймағында жылыжай кешенінің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Жобаны Түркиялық «Alarko Holding» компаниясы іске асыруда. Инвестициялық құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын, жалпы аумағы 650 гектар болатын алып кешен негізінен қызанақ өсіруге бағытталған. Бұл жобаның ауқымы мен маңызы бойынша ол Орталық Азиядағы ең ірі жылыжай кешендерінің біріне айналмақ. Толық қуатына шыққанда мұнда жылына шамамен 155 мың тонна жоғары сапалы өнім…
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында инфрақұрылымдық жобалардың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Мемлекет басшысы билік құрылымдары цифрлық тәсілдерді кеңінен қолдануы тиіс екенін, бастамалардың ашық әрі тиімді жүзеге асырылуы маңызды екенін жеткізді. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Қазпошта» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойылды. Жоба аясында инфрақұрылымды бақылаудың орталықтандырылған жүйесін құру, дрондарды пайдалану, қауіпсіздік процестерін автоматтандыру, экологиялық ахуалды бақылау және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету шаралары көзделген. Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүзеге асырылуда. «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» көрсеткішінің…
«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында. Бұл тапсырма еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Шымкент қаласына да тікелей қатысты. Туризм – экономиканың серпінді дамуына, халықаралық ынтымақтастықтың артуына және қаланың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге зор ықпал ететін маңызды сала. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – Шымкент халықаралық әуежайынан жаңа тікелей халықаралық әуе рейстерінің ашылуы. Бүгінгі таңда мегаполистен бес мемлекеттің жеті қаласына, атап айтқанда, Мажарстанның Будапешт, Германияның Мюнхен, Кореяның Сеул, Қытайдың Бейжің және Шанхай, сондай-ақ Египеттің Каир қалаларына тікелей әуе қатынасы жолға…
«Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы қажет», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында. Шымкент қаласының экономикасы соңғы жылдары тұрақты даму үрдісін көрсетіп отыр. Бұл – инвестиция тарту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі. 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш тіркелді. Ел Үкіметі бекіткен декомпозицияға сәйкес, 2025 жылы Шымкентке 1 трлн 54 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025–2029 жылдары өңдеу өнеркәсібінде 112 кәсіпорын ашу көзделуде. Бұл жобаларға 406 млрд…
В городе Шымкент состоялся международный конгресс кардиохирургов, посвящённый 25-летию «Шымкентского кардиоцентра». Его тема: «Инновации, технологии и мировой опыт: будущее кардиохирургии в наших руках». В масштабном мероприятии приняли участие не только казахстанские специалисты, но и ведущие эксперты из стран СНГ и других государств, представившие новейшие практики и передовые решения в области кардиохирургии. На открытии конгресса с приветственным словом выступил аким города Габит Сыздықбеков. Он отметил значительный вклад центра в развитие медицины и подчеркнул его достижения за четверть века. — Акимат всегда поддерживает инициативы в сфере здравоохранения, уделяя особое внимание развитию инфраструктуры, созданию комфортных условий для врачей и внедрению инноваций. Ваш опыт,…
Шымкент қаласында «Шымкент жүрек орталығының» 25 жылдығына арналған «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: кардиохирургияның болашағы біздің қолымызда» атты халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті. Бұл ауқымды басқосуға Қазақстанмен қатар, ТМД елдері мен шетелдің жетекші мамандары қатысып, кардиохирургия саласындағы жаңа тәжірибелер мен озық шешімдерді ортаға салды. Жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, орталықтың ширек ғасырлық еңбегіне тоқталды. Қала басшысы жүрек орталығының медицинадағы жетістіктерін атап өтті. -Әкімдік әрдайым медицина саласындағы игі бастамаларды қолдап, инфрақұрылымды дамытуға, дәрігерлер үшін қолайлы жағдай жасауға және инновацияларды енгізуге ерекше көңіл бөледі. Сіздердің тәжірибелеріңіз, ғылыми ізденістеріңіз бен жаңашыл көзқарастарыңыз сапалы әрі қолжетімді медицинаның берік негізі. Бұл орталықтың жетістігі…
Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан 2025 жылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен қарқынды жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі Шауғар секторына қарасты М.Абенова көшесінде жол құрылысы аяқталуға жақын. Жоба аясында екі жақтама жиектас орнатылып, ені 10 метр болатын жаңа асфальт жабындысы төселеді. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы жоспарлануда. Сонымен қатар, Отырар секторындағы Яссы – Гаухар ана көшелері аралығындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда асфальт төсеу және бір жақтама аяқжол салу жұмыстары қарастырылған. Бұл жұмыстар да қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталмақ. Бүгінде Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Жол сапасын арттыру және тұрғындарға қолайлы…
