Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Еңбекші ауданында ауқымды жұмыс атқарылды
ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбекші ауданында ауқымды жұмыс атқарылды

authorBy author26 сентября, 2025Комментариев нет11 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек Орталық коммуникациялар алаңында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысына қатысты баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінде аудан аумағы 22 мың гектарға жетіп, халық саны 228 мыңнан асып отыр. Мұнда қазір 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан бар.

Әкімнің сөзінше, соңғы жылдары аудан тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен қамтуға ерекше көңіл бөлінген. Қазір халықтың 97 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Жастар көшесі мен «Қазығұрт» стансасы аумағын қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, келесі жылғы жұмыс жоспарына енгізілген. Электр қуатымен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр. Бірқатар елді мекендегі жекеменшік желілерді мемлекеттік жүйеге өткізу мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.
Досбол Есілбектің айтуынша, аудан халқының 97 пайызы табиғи газға қосылған. Қаратөбе мен Оңтүстік шағынаудандарында құрылыс толық аяқталса, Жалын, Жұлдыз және Қарабастау тұрғын алаптарында абоненттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәріз жүйесімен қамту деңгейі әзірге 41 пайызды құрайды. Ұлағат пен Жұлдыз шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталса, Базарқақпа тұрғын алабындағы көпқабатты үйлерге кәріз жүйесін тарту басталыпты. Сонымен қатар, қосымша көшелерге инженерлік желілер жүргізу үшін жобалық құжаттар әзірленіп жатыр.
Әкім жол құрылысына да тоқталып, бүгінде аудан аумағындағы көше-жол желісінің ұзындығы 730 шақырымнан асатынын атап өтті. Соңғы жылдары ондаған көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, биылға жоспарланған 70-тен астам көшенің 90 пайызы ретке келтірілген. Биыл аяқжолдар салу жұмыстары да жалғасып, бірнеше көшеге жаңа тротуар тартылыпты. Сонымен қатар, жарықтандыру жоспарланған 367 көшенің басым бөлігінде шамдар орнатылып, қалған көшелерде жұмыс жүріп жатыр.
Су тасқынының алдын алу мақсатында ирригациялық арықтар салу да жүйелі жүргізіліп келеді. Соңғы үш жылда ондаған шақырым арық пайдалануға берілген. Аудан басшысының айтуынша, биыл да бірнеше мекенжайда жаңа арықтар орнатылып, жауын-шашын суларын сіңіру мүмкіндігі күшейтілген. Абаттандыру бағытында «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы тұрғындардың ұсынысымен балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңдары орнатылып келеді. Бүгінде ауданда 60-тан астам ашық спорт алаңы бар. Бұдан бөлек, жыл сайын гүлзар саны артып отыр. Биыл сегіз жаңа гүлзардың құрылысы аяқталмақ.
Әкімнің айтуынша, ономастика мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Былтыр жүздеген көшеге жаңа тақтайшалар орнатылса, биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып келеді. Жыл соңына дейін аудан көшелері заманауи үлгідегі атаулармен және үй нөмірлерімен толық қамтылмақ. Оның айтуынша, атқарылып жатқан барлық шараның түпкі мақсаты аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. «Сондықтан инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғырту арқылы халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға күш салып отырмыз», деді аудан әкімі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.