Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Әл-Фараби ауданында абаттандыру мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқын алды
ЖАҢАЛЫҚТАР

Әл-Фараби ауданында абаттандыру мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқын алды

authorBy author25 сентября, 2025Updated:26 сентября, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында соңғы айларда абаттандыру және инфрақұрылым саласында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудан әкімі Маратбек Мықтыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында 8 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, негізгі көрсеткіштермен бөлісті.

Әкімнің айтуынша, бүгінде аудан аумағында 17 шағын аудан мен 1 елді мекен орналасқан. Мұнда 931 көпқабатты және 16 663 жеке тұрғын үй бар, ал халық саны 266 806 адамға жеткен. Сондай-ақ 390 көше мен 257 әлеуметтік нысан жұмыс істейді. Инфрақұрылым толық қамтамасыз етілген: ауыз су, электр энергиясы мен табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды.

Абаттандыру бағытында биыл бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 33 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңы жаңартылып, қосымша 5 аулада жұмыстар жалғасуда. Келесі жылы 56 аула абаттандырылса, 2027–2028 жылдары тағы 52 аула жаңартылады. Сонымен бірге 6 спорт алаңшасы жергілікті бюджет есебінен, ал 3 алаңша демеушілердің қолдауымен жөнделді. Жалпы ауданда 113 спорттық алаң жұмыс істейді.

Жарықтандыру саласында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Биыл 133 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарланған, соның 42-сінде жұмыстар аяқталған. 112 көпқабатты үйдің 63 ауласы жарықтандырылды, ал қалған 49 ауладағы жұмыстар жыл соңына дейін бітуі тиіс. Бұдан бөлек, 21 үйдің қасбеті жарықтандырылып, бұл бағытқа 33 млн теңге бөлінген. Қаланың эстетикалық келбетін арттыру мақсатында 11 тұрғын үйдің қабырғасына муралдар салынды, оған 7,1 млн теңге бағытталды.

Көше-жол инфрақұрылымын жақсарту да назарда. 390 көшенің 365-іне асфальт төселген. Биыл 25 көшеге жаңа асфальт төсеу жоспарланып, соның 18-і аяқталды. Сонымен қатар, 85 көшенің асфальт қабатын жаңарту қарастырылып, бүгінгі күнге дейін 23 көшеде жұмыс толық аяқталды. 59 ауланың ішкі жолдары асфальтталып, оның 40-ында жұмыстар толық аяқталған. Жыл басынан бері 16 көшеде аяқжол салу жоспарланып, 9-ы дайын болды. Белгіленген 21 көшенің 12-сінде аяқжол құрылысы толық жүргізілді.

Ирригациялық жүйені жетілдіру аясында 19 аулаға арық орнату жоспарланып, 13 аулада 1630 метр арық салынды. Бұған қоса, 15 көшенің 7-де арық орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Аудан аумағында саябақтар мен демалыс аймақтарын көбейтуге де ерекше мән берілуде. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және демеушілердің қолдауымен Ш.Қалдаяқов көшесі, Әл-Фараби алаңы, А.Жангелдин көшесінің №3 және №24а аумағы мен А.Молдағұлова көшесінде бес жаңа сквердің құрылысы жүріп жатыр.

Қысқы маусымға дайындық та жүйелі түрде жүргізілуде. 931 көпқабатты тұрғын үйдің 861-і орталық жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 832 үй (97%) қысым сынағынан өтті. Биыл тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы бойынша 20 үй қамтылып, 13-іне жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал 7 үйде жұмыстар жалғасуда. Реновация жобасы аясында 4 мекенжайда құрылыс жүріп жатыр. 2029 жылға дейін 28 апатты үйді бұзып, 235 отбасыны жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.

Сауда нысандарын жаңарту да назардан тыс қалмаған. «Орталық Қырғы» базарында жөндеу жұмыстарының 50%-ы аяқталды. «Назым апа» және «Көктем» базарларында заңсыз сауда орындарын жою жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 41 рет сенбілік ұйымдастырылып, оған 8 мыңға жуық адам мен 190 техника тартылып, 504 тонна қоқыс шығарылған. Қаланың тазалығын сақтау мақсатында негізгі көшелерге 275 қоқыс жәшігі орнатылып жатыр.

Жалпы, Әл-Фараби ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Жүйелі жоспар мен тұрақты бақылаудың нәтижесінде ауданның келбеті айтарлықтай өзгеріп, заманауи әрі қолайлы қала кеңістігі қалыптасып келеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.