Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес және тұрақтылыққа жол: орталықтың жаңа тәсілдері
ЖАҢАЛЫҚТАР

Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес және тұрақтылыққа жол: орталықтың жаңа тәсілдері

authorBy author26 сентября, 2025Updated:28 сентября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Отбасындағы зорлық-зомбылық пен жанжал – қоғамның ең өткір әрі өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі. Шымкент қаласында бұл түйткілге жүйелі түрде қарсы іс-қимыл жасалып келеді. «Отбасын қолдау орталығы» мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық дауларды шешу және отбасын сақтау мақсатында кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда.

Жыл басынан бері учаскелік инспекторлардың жолдамасымен орталыққа 356 адам жүгінген. Олардың 178-і агрессор ретінде тіркелген. Географиясы кең: 35 жағдай – Абай ауданында, 25 – Әл-Фараби ауданында, 37 – Еңбекшіде, 38 – Қаратауда, ал 43 оқиға – Тұран ауданында тіркелген. Агрессорлардың 170-і ер адам, 186-сы әйел адам болған.

Жанжалдардың себептеріне тоқталсақ: 160 жағдай ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктен туындаған, 18 жағдай – туыстар арасындағы түсініспеушіліктен, 17 жағдай – алкогольдік ішімдік әсерінен, ал 1 оқиға – жыныстық зорлық-зомбылықтан болған. Психологтар мен заңгерлер жүргізген түсіндіру мен татуластыру шараларының арқасында 86 отбасы қайта табысып, ортақ шешімге келген. Ал қалған 92 отбасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмау үшін профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.

Орталық жұмысының тағы бір маңызды бағыты – аналардың әлеуетін арттыру және олардың экономикалық дербестігін нығайту. 19 мамыр мен 8 тамыз аралығында 1 840 отбасының жағдайы тексеріліп, нәтижесінде 659 отбасы бойынша сауалнама алынып, тиісті көмек түрлері ұсынылды. Сонымен қатар, 1 181 отбасының тіркелген мекенжайда тұрмайтыны анықталды.

Көпбалалы және тұрмысы төмен аналар үшін орталық 7 бағыт бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстарын ұйымдастырды. Олардың қатарында: киім пішу және тігу, қолөнер (құрақ көрпе тігу), компьютерлік сауаттылық, шаштараз ісі, әлеуметтік желіні басқару (SMM), маникюр-педикюр, дефектолог-логопед курстары бар. Қазіргі таңда 861 ана осы курстарға қатысып, олардың 197-і сәтті аяқтады. Бұл курстар аналарға жаңа кәсіпті меңгеріп, жеке ісін ашуға және табыс табуға мүмкіндік берді.

Бұл бастамалар «Отбасын қолдау орталығының» тек әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі ғана емес, азаматтардың өмірін түбегейлі өзгерте алатын маңызды институт екенін дәлелдейді. Орталық адамдарға қиындықтарды еңсеруге, жаңа өмір бастауға, сенімді әрі тұрақты болашақ құруға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, отбасылық құндылықтарды сақтау мен қорғау – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның міндеті. Осы тұрғыда FSM Social ақпараттық жүйесі мен орталықтың бірлескен жұмысы мемлекеттік құрылымдар мен қоғамның күш-жігерін біріктіріп, отбасылардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құралға айналып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.