Жаңа Конституция жобасында Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесін құру қарастырылған. Халық Кеңесінің негізгі міндеті – қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық бірлікті күшейту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сонымен қатар Кеңес Құрылтайға заң жобаларын енгізуге және жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеруге құқылы. Бұл норма халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтереді.
Автор: author
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылап, оның ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Кеңес мүшелерінің пікірінше, қолданыста болған Конституцияның 84 пайызына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Мемлекеттің басты заңдық құжатын «Жаңа Конституция» деп атауға толық негіз бар. Сонымен қатар, көпшілік талқысына ұсынылған құжат жобасына қатысты бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. Жиынды Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізді. Басқосуға Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов қатысып, Жаңа Конституция жобасында қамтылған негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталды. Бахадыр Нарымбетовтің айтуынша, Конституция жобасын әзірлеу барысында қазақстандықтардан түскен 2000-нан астам ұсыныс…
Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі Талғат Балтабаев және фракция мүшелері қатысты. Отырысты Ербол Байқонысов жүргізіп, алдымен жақында фракция жетекшісі болып сайланған Талғат Балтабаевты ресми түрде таныстырды. Ол жаңа жетекшінің тәжірибесі мен жауапкершілігі фракция жұмысына серпін беретініне сенім білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. «Фракция – партия саясатын мәслихат деңгейінде нақты іске асыратын маңызды алаң. Сондықтан депутаттардың бірлігі мен жауапкершілігі қала тұрғындары үшін шешілетін мәселелердің сапасына тікелей әсер етеді», – деді Ербол Байқонысов. Өз кезегінде Талғат Балтабаев сенім білдірген әріптестеріне алғыс айтып, фракция жұмысының тиімділігін…
Шымкент қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кеңес өтті. Іс-шараға аудан әкімдері, басқарма басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кеңесті ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа Конституция жобасының ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерген болатын. Бұл реформа саяси жүйені кешенді жаңғыртуға және жасанды интеллект дәуірінде елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға бағытталған. Қала әкімі 8 қазанда Президенттің парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойғанын еске…
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен студент жастар арасындағы буллинг, кибербуллинг және сталкингтің алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жоғары оқу орнында қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды. Кездесу барысында студенттерге құқықтық және психологиялық қолдау көрсету, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жастарды заманауи қауіп-қатерлерден қорғау тетіктері түсіндірілді. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жан-жақты таныстырылып, буллинг пен кибербуллингке тап болған жағдайда жүгіну жолдары айтылды. Іс-шараға заң, педагогика, психология және спорт саласының білікті мамандары қатысып, буллингтің алдын алу, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік, өзара сыйластық пен ашық диалогтың маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларға…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде еріктілер қозғалысының қоғамдағы орны мен маңызын айрықша атап өтті. Президенттің айтуынша, ерікті болу – тек қоғамдық жұмыс емес, бұл Отаныңа адал қызмет ету мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Президент форумға еліміздің барлық өңірінен жиналған жастарды Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор азаматтары деп бағалады. Оның сөзінше, ниеті түзу, жаны таза жандар ғана еріктілік жолын таңдайды. Сондықтан волонтерлерді озық ойлы қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия мен табиғи апаттар кезінде еріктілердің ерекше белсенділік танытқанын еске салды. Мыңдаған волонтер дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәртіп сақшыларына және мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіп, ел бірлігінің…
Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еріктілер қозғалысының даму қарқынына тоқталып, нақты деректер келтірді. Президенттің айтуынша, 2020 жылы 50 мың болған волонтерлер саны бүгінде 300 мың адамға жеткен. Сонымен қатар, қоғамдық пайдалы іспен айналысатын ұйымдардың қатары 800-ден асты. Қазіргі таңда Қазақстанда бір ұлттық және жиырма аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Волонтерлер экология, білім, мәдениет және әлеуметтік салада маңызды бастамаларды жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» секілді жобалардың ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. Президент волонтерлік қызметке заманауи технологияларды енгізу қажеттігін айтып, волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша,…
Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында экологиялық мәдениет пен қоғамдық сананы қалыптастырудағы еріктілердің рөліне ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, экологиялық мәдениет – өркениетті қоғамға тән аса маңызды құндылық, ал волонтерлер бұл бағытта нақты істер атқарып келеді. Өткен жылы еріктілер «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1300-ден астам іс-шараға қатысып, елді мекендерді көркейту мен табиғатты қорғауға үлес қосты. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби эковолонтерлерді даярлап, әр өңірде тұрақты ұжымдар құрудың маңызын атап өтті. Президенттің пікірінше, «Таза Қазақстан» қозғалысы ұлттық идея деңгейіне көтерілуі тиіс. Форум барысында Мемлекет басшысы халықаралық волонтерлік ықпалдастықты кеңейту қажеттігін де айтты. Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және ТМД аясында еріктілер қозғалысын дамытуға белсенді қатысып келеді.…
Шымкент қаласында 200 төсек-орынға арналған жаңа қалалық №2 перинаталдық орталықтың құрылысы ресми түрде басталды. Ақжайық шағынауданындағы болашақ нысанның құрылыс алаңында капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Салтанатты рәсім барысында мегаполис басшысы жобаның әлеуметтік маңыздылығын және қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы рөлін атап өтті. «Заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы – болашақ ұрпақтың денсаулығына салынған инвестиция. Біздің басты міндетіміз – аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасап, сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету», – деді Ғабит Сыздықбеков. Айта кетейік, жоба Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, ана мен баланы қорғау…
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы зор ірі жоба – паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлеріне арналған заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды. Болашақ нысанның орнында символикалық капсула салу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Іс-шара барысында мегаполис басшысы инклюзивті спорт инфрақұрылымын дамытудың және қала тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. «Бұл кешен спорт нысаны ғана емес, ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін мүмкіндіктер кеңістігіне айналады. Біздің міндетіміз – қолжетімді орта қалыптастырып, белсенді өмір салтын ұстануды қолдау және Шымкент пен еліміздің атын халықаралық аренада абыроймен қорғайтын спортшыларды даярлауға жағдай жасау», – деп атап өтті Ғабит Сыздықбеков. Айта кетейік, спорт кешенінің жалпы аумағы…
