Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » AMANAT: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Санатталмаған

AMANAT: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

authorBy author19 февраля, 2026Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қалалық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі Талғат Балтабаев және фракция мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттердің орындалу барысы қаралды. Әсіресе, жүзеге асырылу мерзімі жақындап қалған және орындалмай қалу қаупі бар нысандар бойынша нақты шаралар қабылдау мәселесі талқыланды.

Фракция мүшелері жауапты басқармалармен бірлесіп, әрбір жобаны жеке пысықтау, туындаған кедергілерді анықтау және оларды шешудің нақты тетіктерін қарастыру қажеттігін атап өтті.

Жиын барысында сөз алған Ербол Байқонысов партия бағдарламасы – тек құжат жүзіндегі міндет емес, тұрғындарға берілген нақты уәде екенін айтты.
– Сайлауалды бағдарламада көрсетілген әр тармақ – халық алдындағы жауапкершілік. Сондықтан әр нысанның орындалуы біздің тұрақты бақылауымызда болуы керек. Егер қандай да бір кедергі болса, оны уақытында анықтап, шешу жолдарын бірлесіп қарастыруымыз қажет, – деді ол.

Ал фракция жетекшісі Талғат Балтабаев атқарушы органдармен өзара үйлесімді жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды.
– Басты мақсат – мәселені кейінге қалдырмай, нақты нәтижеге қол жеткізу. Орындалмай қалу қаупі бар жобаларды алдын ала талдап, тиісті басқармалармен бірге тиімді шешім қабылдауымыз керек. Бұл – депутаттық корпустың негізгі міндеттерінің бірі, – деді ол.

Отырыс қорытындысында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, бірқатар нысандар бойынша қосымша жұмыс кездесулерін өткізу жоспарланды. Фракция алдағы уақытта да сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын жүйелі түрде бақылауда ұстайтын болады.

#AMANAT

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.