Автор: author

10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеу сайысында отандасымыз Александра Ле 6-орынмен аяқтады. Финалдық сайыста жүлде бұйырмаса да, Александра Ле 5 дүркін Әлем чемпионы Дженат Хегг (Норвегия), 3 дүркін Әлем чемпионы Рамита Жиндалдан (Үндістан) басып озды Бұған дейін 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында дәл осындай үздік көрсеткішке қазіргі ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун қол жеткізген болатын Естеріңізге сала кетейік, Александра Ле бұған дейін аралас жұптық сайыста Ислам Сатпаевпен бірге Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.

Read More

Академиялық ескек есуден спортшымыз Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында E/F1 тобының жартылай финалында мәреге бірінші жетті. Ол жарыс жолын 7 минут, 26.20 секундта бағындырды. Енді ол Е тобының финалында жарысады. Айта кетейік, бұл кезеңге қатысатын ескек есу шеберлері жүлдеге таласпайды. Е және F тобында ширек және жартылай финалға шыға алмаған спортшылар ішінде орын үлестіріледі.

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын пысықтады. Алдымен, өңір басшысы Шәуілдір ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында болды. Құрылыс компаниясының басшысымен кездесіп, жұмыс барысын бақылады. – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Құрылыс сапасы белгіленген стандартқа сай болуы тиіс. Біз тек жоспарланған мерзімде сапалы жұмыс істеуді талап етеміз. Кедергілер болса, дер кезінде айтыңыздар. Әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы салынып жатқан мектептердің құрылыс үлгісін өзге білім ұяларына да қолдануды қарастыру қажет – деді Дархан Амангелдіұлы. «Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып…

Read More

Төлеби ауданында егін ору жұмыстары басталды. Биыл ауданда 22302 гектар аумаққа астық дақылдары егілді. Одан 50 мың тоннаға жуық астық жинау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда оның 2177 гектары орылып, түсімділігі 22 ц/га айналып, 4789,4 тонна өнім жиналды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Ақбұлақ» ӨК -нің егіс алқабына арнайы барып, шаруалардың жұмысымен танысты. Өндіріс кооператив төрағасымен тілдесіп, егін-жайдың мәселесін сөз етіп, адам баласы еңбек етсе ғана табысты болатынын тілге тиек етті. Кооператив меншігіндегі техникалардың жай-күйіне көңіл бөліп, егіс алқабында бидай орымының куәсі болды. Айта кетейік, осы жылы ауданда 14957 гектарға бидай егіліп, «Стекловидная – 24», «Интенсивная», «Памят…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ашық диалог аланыңда облыс тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр. Онда өңір мәселелері тұрғындармен бірге көтеріліп, шешу жолдары қарастырылады. Өңір басшысының кезекті халықпен кездесуі Отырар ауданында өтті. Кездесу барысында облысты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылды. – Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Отырар ауданында өткен жылы 10…

Read More

Сарыағаш ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жоспары аясында «Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені» атты кездесу ұйымдастырылды. Оған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Алтаев, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Е.Күзембаев, ҰҚКД бастығының орынбасары Ж.Орынбаев, аудан әкімі А.Абдуллаев, сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы А.Оспанов, бокстан әлем чемпионы Б.Жақыпов, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Е.Есжанов және әзербайжан, өзбек этностарының өкілдері мен Жібек жолы ауылының жастары қатысты. Игі шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, жамағатқа ыстық ықыласын білдіріп, азат елдің егемендік жылдары жарқын жетістіктерді бағындырғанын, барлық игілік пен жетістік бірлік, этносаралық татулық ұғымдарымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жолдарды кеңейту, асфальт төсеу, сапасын жақсарту, жаңа жолдарды қолданысқа енгізуді тапсырған болатын. Осы тұста Кентау қаласындағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы Кентау қаласы бойынша 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Бүгінгі таңда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға жетіп, 303 шақырым жолға асфальт төселген. Бұл бағытты жұмыстар жалғасып жатыр. Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында орталық көшелермен қатар, құрылыс жұмысын қажет ететін көшелер мен мөлтек аудандарға ішкі орам көшелеріне басымдық берілуде. Бүгінде қаладағы 66 орам көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 205 метр асфальт жабындысы төселіп, аяқ жол мен арықтар орнаталды. Одан бөлек 14,5 шақырымды құрайтын…

Read More

Түркістанда «Оқушылар сарайының» өнерпаздары қоғамдық көлікте ән салып, жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Дәстүрлі ән» үйірмесінің оқушылары танымал халық әндерін орындады. Мақсат – осы арқылы жолаушыларға көңіл-күй сыйлау және халық әнін дәріптеу, тұрғындар арасында ұлттық өнерді насихаттау. – Бұл идеяны «Дәстүрлі ән» үйірмесінің оқушылары өздері ұсынды. Ал мен басшы ретінде оларға бірден қолдау білдірдім, – дейді «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова. Көліктегі жолаушылар да халық әндерін бірге қосыла шырқап, оқушыларға қолдау жасады.

Read More

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен қала жастарының арасында «Жеңімпаз бол» тақырыбында футбол спорт түрінен жолдастық кездесу матчы өтті. Тартысты кездесуге қаламыздың өнерпаз, әншілер мен жайдарманшылар, белсенді жастары қатысты. -Турнирдің мақсаты – жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырып, нашақорлық және есірткіге қарсы күресуге үйрету және бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау. Бүгінгі ойын қызықты, тартысты өтті. Наурыз Рсымов, Әли Байжұмат, Әліш Рауан бастаған жігіттердің дайындығы бабында. Ойынның демеушілеріне де алғысымыз мол, — дейді Еңбекші ауданы жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Серікбай Қуаныш. Айта…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өнер және мәдениет мекемелері басшыларымен кездесті. Жиында мәдениет саласындағы жоспарлар пысықталды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балаларды іргелі құндылықтарға сүйене отырып тәрбиелеуге баса мән беру керек. Өскелең ұрпақтың дүниетанымы тарихқа қатысты өкпе-реніштен, догматизмнен және мәдени стереотиптерден ада болуға тиіс» деп ұлттық идеологияның ұрпақ тәрбиесі үшін маңыздылығы жөнінде баса айтты. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуде мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегі орасан. Өңірдегі тарихи-мәдени мұраны қорғау, ономастика, тілдерді дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу, облыстың мәдени-рухани дамуына ықпал ету – мәдениет саласындағы азаматтарға артылған абыройлы міндет. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқарамыз, – деді Ертай Кенжебекұлы. Жиын барысында…

Read More