Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «БІЗДІ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ДЕП ҚҰРМЕТТЕЙДІ»
ЖАҢАЛЫҚТАР

«БІЗДІ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ДЕП ҚҰРМЕТТЕЙДІ»

authorBy author5 октября, 2024Updated:17 октября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Есен Қалмырзаев еңбек жолының алғашқы сатысын Локомотив депосында слесарьлықтан бастаған, ол Отан алдындағы әскери борышын Қандағар провинциясында өткiзген.

— Мен рота бойынша үздiк атқыштар қатарында болатынмын. Кейде әскери кеңесшiлермен бiрге сапарға шықсам, ендi бiрде тiкұшақпен Пәкiстан шекарасындағы операцияларға қатысатынмын. 1980 жылдың мамыр айында басымнан өткен мына оқиға әлi есiмнен кетпейдi. Жалпы құрамы 52 жанар-жағар май құйған колоннаны БТР машинасымен күзетiп Шындант қаласына бара жатқан болатынбыз. Барлаушылардың «Жол таза. Қауiп жоқ» деген мәлiметтерiне сүйенiп, негiзгi құрамнан бiздiң экипаж ғана шыққан болатын. Колоннада жүргiзушiлерден басқа қосымша жауынгерлер жоқ едi. Барлаушылардың мәлiметi дұрыс болмай шықты. Жолды дұшпандар торуылдап, оқ жаудырды. Бiр машина тоқтап қалды. Содан бiз қарсы шабуылға шықтық. Ұрыста жеңудiң басты шарты — шабуыл. Содырлардың орналасқан жерлерiн дер кезiнде дереу анықтап, пулеметтен оқ аттық. Дұшпандар колоннаны  атқылауын тоқтатып, өздерiне қарсы жүрген бiздi атқылай бастады. Тоқтаусыз атқылаудан соң  жаудың көзiн жойып, тоқтап қалған машинаға келдiк. Жүргiзушi қатты жараланған, ессiз жатыр. БТР-да осы колоннаның командирi болатын. Ол машинаға өзi отырды. Сонымен не керек, жанар-жағар май тиелген колоннаны межелi орынға жеткiздiк.   Кейде  барлаушылардың  осылай  қателесiп қалатын кездерi болды. Солардың жауапсыздығынан  бiр колонна жазым бола жаздады,-деп еске алады Есен Қалмырзаев.

Есен ағамен әңгiмелесе отырып, бүгiнгi өмiр тынысынан сөз қозғауын өтiнгенiмiзде,  әңгiмесiн бастай бердi.

— Иә, Түркістан локомотив депосына 1978 жылы орналастым, сол жерден әскерге кеттім. Несiн айтайын, 1981 жылы әскерден елге аман-есен келгеннен  кейiн еңбек еткен жерімде  тепловоз машинисi болып жұмыс iстедiм.

«Дарақ бір жерде көгереді» дегендей Түркістан локомотив депосынан зеинеткерлікке шыктым. Бүгінгі таңда 40 жылдан астам бірге еңбек еткен  ұжымымды мақтан етемін. Мың  рахмет, алғысым шексіз. Өмірдің қаншама қиындығын да, жақсысын да көрдім. Барлығына шүкір етемін.

Еңбек еткен ұжымым қазіргі уақытқа дейін қал-жағдайымды сұрап, мерекелік жиындардан қалдырмай, іс-шараларына қонақ етіп шақырып тұрады. Бiздердi Ауған соғысына қатысқан  ардагерлер,-деп сыйлап,  сый-құрмет көрсетіп отырады, — деп өзiнiң бүгiнгi өмiр тынысынан сыр қозғады Есен Рахымшаұлы.

Әңгіме барысында  Есен Рахымшаұлы: -Біздің жас кезімізде әке мен анамыздың тәрбиесі мықты болатын.  Ұл бала  Отанымызды қорғайтын азамат деп тәрбиеледі бізді. Қазіргі таңда жастар әскер қатарына барғылары келмей қашқақтайды. Ол дұрыс емес, ұл бала етіп жаратқан соң бәріне төзе білу керек. Жаратқанға шүкір деп мақтан тұту керек. Елдің алдында, ата-ананың алдында ер балалардың борышы бар. Ол – Отанды қорғау борышы.  Еліміздің тірегі,-деп барлығы жастарға  сенім артады. Осыны ұмытпайық, жастар.

Бiздер өмiрдiң қиын сәттерiн басқан кешкендермiз. Жауапкершiлiк дегеннiң не екенiн түсiнетiн жандармыз.  Біздің басымыздан өткен  қиындықты ешкімнің басына бермесін. Аллаға шүкір, мемлекетіміздің  берік тұтастығының арқасында  халқымыздың ынтымақ-бірлігі артуда.  Елімізде тыныштық болып, бейбіт өміріміз мәңгілік болсын,-деп жастарға  ақыл-кеңесін айтқан Есен Рахымшаұлының деніне саулық, отбасына амандық тіледік

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.