Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚЫЛМЫСТЫҢ АШЫЛУЫН ЖЕДЕЛ АНЫҚТАҒАН ПОЛИЦИЯ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚЫЛМЫСТЫҢ АШЫЛУЫН ЖЕДЕЛ АНЫҚТАҒАН ПОЛИЦИЯ

authorBy author3 октября, 2024Updated:17 октября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елдегі маңызды шаралардың бәріне полиция қызметі қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол тәртібін бақылау, ұйымдасқан қылмысты әшкерелеумен қатар түрлі қылмыстарды анықтауда да белсенділік танытады. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қылмыс түрлері, оның ішінде ұрлық, алаяқтық, есірткі саудасы тыйылмай тұрғаны әрине көңілді қынжылтады. Өңір полицейлері күндіз-түні үздіксіз жұмыс істеп, қылмыскерлерді құрықтауға бар күшін салуда. Десе де оңай жолмен ақша табуды көздейтін адамдардың азаймай тұрғаны өкінішті.

Осы ретте Түркістан облысында жедел уәкілдермен бірге өткізілген жедел-профилактикалық және жедел іздестіру іс-шараларын жақсартуға бағытталған, криминогендік жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылық пен қылмысты анықтау және жолын кесу мақсатында ашылған бірқатар қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды атап өтсек:

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов жедел қызметкерлердің таяу арада атқарған жұмыстардың нәтижелері туралы айтып берді:

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері Келес ауданында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты. Полициямен күдіктілер, яғни үш жергілікті тұрғын мен сатып алушы ұсталды. Олардың мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Барымташылардан ірі қара мен «Hyundai» маркалы автокөлік тәркіленді. Күдіктілер қамауда.

Ал Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Сайрам ауданында жергілікті тұрғынды ұстады, оның үйінен «насыбай» өндіретін цехті тапты. Тінту кезінде полицейлер «насыбай» өндіруге арналған 15 тонна шикізат, дайын темекі заты бар 40 қап және 3 қолдан жасалған станок тәркіледі.

Сонымен қатар Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Сауран ауданында қиыршық тасты заңсыз өндірумен айналысатын адамдар тобын құрықтады. Құқық бұзушылардан жүк тиегіш пен екі жүк көлігі тәркіленді, олар айыппұл тұрағына орналастырылды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында «синтетикалық есірткілерді» сақтау мен өткізу фактісінің жолын кесті. Жедел уәкілдер күдікті ретінде Алматы қаласының тұрғынын ұстады, одан 3 есірткі орамасы тәркіленді.

Сондай-ақ, күдіктінің жасырып кеткен 25 дана есірткілері де дер кезінде анықталып, тәркіленді. Адам денсаулығына қауіп төндіретін аса зиян синтетикалық препараттың жалпы салмағы шамамен 50 грамм «мефедрон» болып шықты.

Жедел қызметтің тағы бір басқармасы Экстремизмге қарсы іс-қимыл. Аталған басқарма қызметкерлерімен Ордабасы ауданында ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған күдікті ұсталды. Оны тінту кезінде жедел уәкілдер жалпы салмағы 9 келіге жуық «марихуананы» тәркіледі.

Сонымен қатар осы басқарма қызметкерлерімен тінту кезінде Түлкібас ауданының тұрғынынан пистолет пен 15 оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Түркістан облысының аумағында полициямен қылмыстарды ашу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.»,- деп атап өтті полиция полковнигі Құрманбек Сахов.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.