Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
  • ПОДГОТОВКА КАДРОВ В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ШЫМКЕНТА
  • ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТУ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МЕЙІРІМДІЛІК ТАНЫТҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕЙІРІМДІЛІК ТАНЫТҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕР

authorBy author30 сентября, 2024Комментариев нет9 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Кейде бір істің басына сәл ғана жылулық, мейірімділік немесе кішкене көмек жетпей тұратыны аңғарылады. Жақын адамыңның, қария кісілердің қам көңіліне қарап жанында болу қажет, дегенмен бір сәтке қауырт шаруамен шығып кетудің соңы кейде «әттеген-айлап» өкіндіретіні қиын.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының полициясына түнгі уақытта 102 пультіне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, көрші тұратын әжейдің есінен танып, үйінің балконында жатқанын хабарлайды. Учаскелік инспекторлар уақыт күттірместен оқиға орнына келеді. Олар пәтер иесінің балконына өрмелеп шығып, жедел жәрдемді шақырып, ол келгенге дейін қарияға алғашқы көмек көрсетеді. Сондай-ақ оның 32 жастағы қызы қарт әйелмен бірге тұратыны анықталды. Оқиға орын алған күні ол үйде болмаған. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем келгенге дейін әжейдің жанында болды.

Иә, кішкентай ғана көмек адамның жүрегіне мейірім сыйлайды. Қашан-да көмек қолын созу әлемдегі жақсылықтың санын арттырады. Айналаға бай-жай қарамау маңызды. Мейірімділік танытқан полицейлердің ісі айналаға жылылық шуағын шашты.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдірді. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттермен ұштасады. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады» (Шәкәрім).

Қазақтың әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілікке, ізгілік пен ізеттілікке, имандылық пен инабаттылыққа бастайды. Ж.Баласағұн «Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің» деп, мейірімділікке зор мән бергеніндей, полиция қызметкерлерінің жасаған мейірімділігі қаншама жанға үлгі екені сөзсіз.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.