Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АДАМГЕРШІЛІК ТАЛАБЫНА САЙ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Санатталмаған

АДАМГЕРШІЛІК ТАЛАБЫНА САЙ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

authorBy author1 октября, 2024Updated:17 октября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Билік пен заң өкілі – полиция қызметкері кәсіби қызме­тін­де немқұрайдылыққа, ұқып­сыз­дыққа, білімсіздікке бой ал­дырмауы тиіс. Адамгершілік тұр­ғыдан оның қателіктерге жол беруге қақысы жоқ. Полиция қызметкерінің мінез-құлқы адам­гершіліктің талабына сай болуы шарт. Өйткені ол – Қазақстан Рес­­публикасының халқына құқық­­тық қызмет көрсетуші тұл­ға. Олай етпейінше, полиция қызмет­керінің қоғамдағы салмағы кеміп, беделі мен абыройына нұқсан келері қақ.

Полиция өкілі өзіне артылған сенімді ақтауда алдымен патриоттық сезімді, әділеттілікті, абыройлы болуды негізгі ұстаным етіп алуы қажет. «Мен елім мен азаматтардың нағыз қорғаушысы боламын, кез келген әділетсіздікке қарсы тұратын адал және сенімді полицей боламын, өз борышымды абыроймен орындаймын» деген ойды санаға әбден сіңіріп, халықтың жағдайына бей-жай қарамайтын, қауіпсіздігіне шынайы алаңдап, оны өзінің азаматтық борышым деп санайтын полиция қызметкерлері арамызда аз емес.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының учаскелік полиция инспекторлары түнгі кезекшілік жұмысын аяқтап, үйіне қайтып бара жатқанда жергілікті тұрғын қоңырау шалады. Әйел адам үйінде қалған 19 жастағы ұлымен байланыса алмай отырғанын айтып, көмек сұрайды.

Сақшылар тез арада оқиға орнына жетіп, пәтер есігін қағып, қоңырау соғады. Сақшылардың сақтығы сонша, үйдің ішінен ұялы телефонның шырылын естиді. Сақшылар іште адам барын түсініп есікті күшпен ашады. Үйге кіріп ес-түссіз жатқан жігітті жедел түрде қызметтік көлікпен орталық ауруханаға жеткізді.

Белгілі болғандай, желдің салдарынан газ жүйесіне ақау келіп көгілдір отын үйге тараған. Қазіргі таңда зардап шеккен жігіттің жағдайы тұрақты және дәрігерлер бақылауында. Ал оқыс жағдай орын алғанда жедел түрде әрекет еткен учаскелік полиция инспекторларына ананың алғысы шексіз. Осылайша жедел қимылдың арқасында бір отбасының азаматы аман қалды.

Осы ретте талайларды тәубесіне кел­ті­ріп жатқан – полицей, қауіп-қатердің ортасында жүретін – полицей, қылмыскерден қорғайтын – полицей, әлсізге зор­лық­ қыл­дырмайтын – полицей деп олардың ерен еңбегіне қалайша тәнті болмайсың. Расында, полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.