Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

authorBy author4 октября, 2024Updated:17 октября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында, «еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат» дей келе «егер біз бұл құндылықтарға адал болмасақ, біздің елімізге үлкен қауіп төніп тұр. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мызғымас болуы керек. Бұл негізгі қағида. Мен бұл туралы әрқашан халықаралық аренада ашық және анық айттым. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының ең биік трибунасынан сөйлеген сөзімде мен бұл туралы тағы да мәлімдегенім кездейсоқ емес» деп атап өткен болатын.

Расында,шекара шебінқорғау, ұлы елдің ұлы мұраттары жолындағы еңасыл ісі. 1991 жылдан бері етек-жеңін тірнектеп жинаған елдің бүгінгі болмысына тамсана қарайтын әлем елдері аз емес. Олардың ішінде кең байтақ жерімізге көз алартып, еліміздің аумақтық тұтастығын күйрету үшін тасадан тас ататындары бар екені жасырын емес. Өткен тарихымызға үңілсек, егемен ел, бейбіт күн үшін беймаза күй кешіп, сүрлеу жолдан өтті.

Тәуелсіздік үшін тегеурінді тартыс 1990 жылдың қазан айында Декларация қабылдаудан басталды. Бас құжатта азат елге тән барлық белгілері айшықталды. Ең бастысы, еліміздің тәуелсіздігімен аумақтық тұтастығын қорғау үшін Конституциялық заңда өзіндік әскери құрылымдарды – Қарулы Күштерді, Республикалық гвардияны, ішкі және шекара әскерлерін құру қарастырылды. Қазақстанның конституциялық даму үдерісінің бай тарихы бар. Қазіргі уақытта мемлекеттік құрылыстың тарихи міндеттерін шешуде үлгі бола алады.

Тіпті, халақаралық саяси аренада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттердің егемендік теңдігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу керектігін ашық айтып жүргені мәлім.

Президент,  Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясында «мемлекеттің егеменді теңдігі, мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі сияқты ең маңызды үш қағидаттың арақатынасын қайта қарауымыз керек. Бұл үш қағида бір-біріне тәуелді, – деген еді.

Мемлекет басшысы айтқан үш қағида, үш таған өз орнын сақтайтын болса, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық нығая түсері сөзсіз.

Жалпы, Қазақстан ұлттық мүдделерді қорғауды ұстанып, аумақтық тұтастықты қорғауға басымдық бергені баршаға аян. Сөзіміздің басында тілге тиек еткен мемлекеттік шекара — аумақтық тұтастық пен қауіпсіздіктің негізі.  Өйткені, Отан — шекарадан басталады.  Қазақстанның қарыштап дамуындағы бастапқы нүктеде шекара шебінен басталғаны даусыз.

Тәуелсіздікті сақтау, аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету – тыныштық пен тұрақтылықтың мызғымас қорғаны. Елдігімізді айшықтайтын баға жетпес бұл құндылықтың, яғни «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның күшіне енгеніне бүгін тура 27 жыл толды. 1993 жылдың 26 ақпанында осы тарихи рәсімнің сәті түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезек күттірмес басты міндеттің бірі – көршілес елдермен өзара келісіп, шекараны бекіту еді.

Сырт көзге жеңіл көрінгенімен, шекараны шегендеуде екі жақты бірқатар мәмілеге қол қойылды, шекаралық маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бүгінде Қазақ елі тарихи тұрғыдан өте қысқа мерзім ішінде шекарасын шын мәнінде шегендеп, ұлттық қауіпсіздігінің іргетасын бекітіп, тұрақты дамудың сара жолына түсті.

Бүгінгі күнде мемлекет басшысының шекараларды демаркациялау және делимитациялау жөніндегі нақты, жедел және жан-жақты жұмысына әскери әрі саяси сарапшылар оң бағасын беріп, Президенттің бұл шешімін «саясаттығы ең жоғары шеберлік» деп баға берген болатын.  Ал бұл дегеніміз, ел аумағында, мемлекеттік деңгейде қапуіпсіздік пен тұрақтылық тегеурін тапқанының көрінісі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.