Шымкент қалалық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі Талғат Балтабаев және фракция мүшелері қатысты. Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттердің орындалу барысы қаралды. Әсіресе, жүзеге асырылу мерзімі жақындап қалған және орындалмай қалу қаупі бар нысандар бойынша нақты шаралар қабылдау мәселесі талқыланды. Фракция мүшелері жауапты басқармалармен бірлесіп, әрбір жобаны жеке пысықтау, туындаған кедергілерді анықтау және оларды шешудің нақты тетіктерін қарастыру қажеттігін атап өтті. Жиын барысында сөз алған Ербол Байқонысов партия бағдарламасы – тек құжат жүзіндегі міндет емес, тұрғындарға берілген нақты уәде екенін айтты. – Сайлауалды…
Автор: author
Бүгін Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана ғимаратында «Мұса Жәлел мұрасы: ерлікке тартқан жол» тақырыбында іс-шара өтті. Кеш татардың көрнекті ақыны, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлелдің 120 жылдығына арналды. Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды ақынның өмір жолы және шығармашылық мұрасымен таныстыру, оның қайсар рухы арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, халық ерлігіне деген құрметті арттыру. Әдеби кеш барысында Мұса Жәлелдің тағдырлы ғұмыры, ел мен жерге деген адалдығы, отансүйгіштік ұстанымы кеңінен баяндалды. Ақынның қиын-қыстау кезеңдерде де рухын сындырмаған қайсарлығы мен шығармашылық табандылығы жас буынға өнеге ретінде ұсынылды. Кеште жергілікті ақындар мен жастар ақынның жырларын жатқа оқып, оның ерлікке толы өмір…
Жаңа Конституция жобасының ІІ бөлімі елеулі түрде жаңартылып, «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деп аталды. Мұндай құрылым құқықтар мен міндеттердің өзара байланысын айқындап, оларды біртұтас құқықтық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, азаматтың құқығы мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі қатар қарастырылатын кешенді модель қалыптасады. Азаматтық мәселесіндегі айқындық Жобаға сәйкес, қос немесе көп азаматтыққа жол берілмейді. Өзге мемлекеттің азаматтығын иелену Қазақстан азаматтығын тоқтатуға негіз болады. Бұл норма құқықтық айқындықты күшейтіп, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланысты нақтылайды. Мемлекет жауапкершілігінің кепілдігі Әр адамның мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды мемлекеттен өндіруге құқылы екені бекітіледі. Бұл ереже мемлекеттік биліктің…
Жаңа Конституция жобасының ІІІ бөлімі Президент өкілеттігі мен оның институтын айқындайтын бірқатар маңызды өзгерістерді қамтиды. Ұсынылған түзетулер мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Президенттікке қойылатын талаптар нақтыланды Жобаға сәйкес, Президенттікке үміткерге қойылатын талаптар нақты бекітіледі. Кандидат Қазақстан Республикасының тумасы болуы, қырық жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі, соңғы 15 жыл бойы ел аумағында тұруы тиіс. Сонымен қатар жоғары білімі болуы және кемінде 5 жыл мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда еңбек өтілі қарастырылады. Бұл талаптар ел басқару ісіне тәжірибелі әрі кәсіби тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Кезектен тыс сайлау мерзімі айқындалды Президент өкілеттігі…
Елорда жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, live-концертке қатысты. Іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды. Концерт барысында қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойыншаөз ұстанымын білдіруге үндеу жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, конституциялық өзгерістер – елдегі жүйелі саяси жаңғырудың жалғасы. Оның айтуынша, реформалардың негізгі мақсаты – әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, өкілді институттардың рөлін күшейту және билік тармақтарының өзара іс-қимылының неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыру. Президент ұсынылған өзгерістердің мәнін ашық түрде қоғам талқысына шығарып, халықты кеңінен ақпараттандыру маңызды екенін де атап…
Бүгін Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияда «Жастар арасындағы буллинг пен сталкинг: қауіп пен жауапкершілік» тақырыбында жастармен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында буллинг пен сталкингтің алдын алу, аталған құқықбұзушылықтардың психологиялық және құқықтық салдарын түсіндіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудағы жеке жауапкершілікті арттыру. Іс-шараға арнайы Шымкент қалалық Аналар кеңесінің төрайымы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлжан Сүгірбаева, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, психолог, арт-терапевт, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанындағы «Психологиялық қолдау» орталығының басшысы Гульнара Айтжанова, №8 мектеп-гимназиясының директоры, Шымкент қалалық Аналар кеңесі мүшесі Айнұр Сахова және мектеп…
Бүгін Шымкент қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясы құрылды. Жетекшісі болып «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы бекітілді. Бұл – алдағы республикалық референдум қарсаңында қоғамды біріктіріп, тұрғындармен ашық әрі мазмұнды диалог орнатуға бағытталған маңызды қадам. Коалицияның басты мақсаты – қабылданатын шешімдердің мәні мен маңызын халыққа түсіндіру, әрбір азаматтың пікірін ескеріп, ел болашағына саналы түрде қатысуына жағдай жасау. Бұл науқан – жай ғана дауыс беру емес, бұл – мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын тарихи кезең. Қалалық коалицияның жетекшісі ретінде барша қоғам өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге дайынмын. Бірлік пен жауапкершілік бар жерде ғана әділетті әрі…
В городе Шымкент создана городская коалиция «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!». Основная цель коалиции — широко и доступно донести до жителей изменения, выносимые на предстоящий республиканский референдум, наладить открытый диалог в обществе и создать условия для осознанного участия граждан в политической кампании. В учредительном собрании приняли участие представители политических партий, депутаты маслихата, представители интеллигенции, общественные активисты и молодежь. В ходе встречи широко обсуждались вопросы единства и ответственности общества в важный для страны период, а также значение общественного согласия и гражданской активности. Выступая на заседании, Мурат Жолдыхожаев остановился на значении и важности референдума, отметив, что данная кампания является…
Шымкент қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясы құрылды. Коалицияның негізгі міндеті – референдумға шығарылған өзгерістерді тұрғындарға кеңінен түсіндіру, ашық әрі мазмұнды қоғамдық диалогты қамтамасыз ету және азаматтардың науқанға саналы түрде қатысуына жағдай жасау. Шымкент қалалық коалициясының жетекшісі болып Мұрат Жолдыхожаев тағайындалды. Алдағы уақытта құрамында 150 адамы бар коалиция жұмыс істейді. Олардың қатарына саяси партия өкілдері, партиялық жақтастар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар белсенділері тартылған. Үгіт-насихат кезеңінде коалиция мүшелері бекітілген желілік кестеге сәйкес онлайн және офлайн форматта кездесулер, пікірталастар мен түсіндіру іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетсек, кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы,…
Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Кезекті кездесу «Қырғы базарында» өтіп, онда жеке кәсіпкерлерге — қоғамның ең белсенді әрі еңбекқор санаттарының біріне — тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшы Ердәулет Асанбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан жаңа тарихи даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция елдің саяси, құқықтық және қоғамдық дамуының жаңа негіздерін айқындайды. Ауқымды өзгерістер қоғам сұранысы мен уақыт талабынан туындаған заңды үдеріс болып табылады. «Жаңа Конституция – еліміздің Негізгі заңының тарихи эволюциясының заңды жалғасы және «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін…
