Сарыағаш ауданда екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев жаңа оқу жылына дайындық аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жартытөбе ауылдық округінде орналасқан Б.Гафуров атындағы №35 жалпы білім беретін мектебінің, сонымен қатар, Дербісек ауылдық округіндегі Елшібек батыр атындағы №22 жалпы білім беретін мектептеріне арнайы барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер мекеме мамандары өкілдерімен бірге ауданның білім бөлімінің басшысы Д. Ақатов жөндеу жұмыстары туралы баяндады. Білім ордасының жаңа оқу жылына дайындығын пысықтаған аудан әкімі күні бүгінге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарын саралады. Жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтап, жаңа оқу жылына дейін барлық шаруа мүлтіксіз орындалуы керектігін атап өтті. – Біз үшін…
Автор: author
Бүгін Қазығұрт ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити-шоу сайысы басталды. Шараға Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Көшкінбай Аян және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, барша командаға сәттілік тіледі. – Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында жастарды халқымыздың ұлттық құндылықтарымен терең таныстырып, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті тұлға қалыптастыру…
Бүгін Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алқа мәжілісі өтті. Маңызды жиынға денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері, басқарма қызметкерлері, сала мамандары қатысты. Жиынды Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев жүргізіп отырды. Денсаулық сақтау саласының түрлі бағыттарына жауапты басшыларының баяндамалары мен есептері тыңдалды. Кемшіліктер мен проблемалар ашық айтылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бас дәрігерлер мен сала жетекшілеріне халықтың денсаулығын сақтау бағытындағы жұмысты күшейтуді, жүйелеуді тапсырды. – Ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелер кейбір аудандарда жиі қайталануда. Оның сыры мен себебі неде? Басқарма тарапынан жіті талдау жасалып, мамандар себебін анықтауы қажет. Екіншіден, көрсеткіші төмен медицина мекемелерін білікті мамандармен қамтуға көңіл бөлінсін.…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапарын Ухань қаласында жалғастырды. Хубэй өлкесіне қарайтын бұл аймақ елдің ең ірі экономикалық орталықтардың бірі және орталық Қытайдың ең ірі ауылшаруашылық провинцияларының бірі. 60 миллионнан астам халқы бар Хубэй мақта өндірісінде көш бастап тұр. Сапар аясында облыс әкімі Хубэй провинциясының губернаторы Ван Чжэнпумен кездесіп, бауырластық меморандумына қол қойды. Құжат өңір арасындағы өзара түсіністік пен бауырластықты нығайту, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты қамтиды. Кездесу басында Дархан Амангелдіұлы ҚХР-ға жұмыс сапары барысында облыстық делегацияға көрсетілген меймандостық пен жылы қабылдаулар үшін Хубэй провинциясының губернаторына алғысын білдіріп, өңіраралық ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша…
Түркістанда қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық қатынастар мәселелерін талқылау мақсатында штаб отырысы өтті. Басқосуда жастар, этносаралық қатынас, жер дауы мәселелері тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда тұруы керектігін, басқарма, аудан әкімдігінің қызметкерлері өзіне жүктелген міндетті сапалы орындауы тиіс екенін айтты. – Облыстағы қоғамдық ахуал тұрақты бақылауда болуы тиіс. Тұрғындардың талап-тілегі мен өтініштеріне жедел үн қату керек. Халық көп шоғырланған ауылдарға талдау жасалып, жастар арасында жұмыссыздықты жою, мемлекеттік бағдарламаларға тарту шаралары күшейтілсін. Елімізге танымал бизнес, өнер, спорт саласының майталмандарын шақырып, жаңаша форматтағы кездесулерді аудандар мен ауыл…
Бүгін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова көпбалалы аналарды күміс алқа наградаларымен марапаттады. Бұл шара ана мен балаға деген қоғамның жоғары құрметі мен назарын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Салтанатты жиында сөз алған әкім көпбалалы аналардың қоғамдағы рөлі мен еңбегін ерекше атап өтті. – Біз бүгін еліміздің болашағын тәрбиелеп отырған аналарды құрметтеп отырмыз. Көпбалалы аналарымыздың еңбегі орасан, олар тек өз балаларының ғана емес, бүкіл қоғамның игілігі үшін еңбек етуде. Баршаңыздың шаңырақтарыңызға береке тілеймін, – деді шаһар басшысы. Бұл күнгі шарада оннан астам ана күміс алқа наградаларымен марапатталды. Әрбір анаға арнайы куәлік пен сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, бұл шара қоғамдағы көпбалалы аналардың еңбегін бағалап,…
Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, облыс әкімінің орынбасарларының және аппарат басшысының тұрғындарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар спорт саласына қатысты бірқатар мәселе көтерді. Мәселен, азаматша паралимпиада ойындарының жеңімпазына қолдау көрсетіп, тұрғын үймен қамтуға ықпал жасауды сұрады. Өтініш иесіне мемлекеттік тұрғын үй беру заңдылықтары түсіндіріліп, баспана үлестіру бойынша демеушілер қарастырылатындығы айтылды. Түркістан қаласының тұрғыны «ArtSport» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесін ортаға салды. Түркістан…
Түркістан қаласында көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстары кестеге сай жүргізіліп келеді. Қала аумағында орналасқан базарлардың тазалығы да тұрақты бақылауға алынған. Бұл жұмыстарға жауапты мекеме және жауапты қызметкерлер бекітіліп, екі ауысыммен жұмыс жасап жатыр. Бірінші ауысымға 2 арнайы техника жұмылдырылып, 15 қызметкер тартылған. Ал екінші ауысымда 3 арнайы техника және 8 адам тазалық жұмыстарын атқаруда. Түркістан қаласында орналасқан сауда орындарының иелерінің ұйымдастыруымен әр аптаның дүйсенбі күні әктеу, сырлау және тиесілі аумақты тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, базарлардың аумағында қосымша 71 қоқыс жәшіктері орнатылды. Адам көп шоғырланатын сауда орындарының айналасын күл-қоқыстан таза ұстау және санитарлық нормалардың сақтау бойынша базар…
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына қарасты мемлекеттік архивтерде жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді. Оған жалпы 18 мекеме атсалысты. Яғни, облыс аумағындағы барлық мемлекеттік архивтерде тазарту, абаттандыру жұмыстары жасалды. Атап айтқанда, архив ғимараттарының сыртқы және ішкі қабырғаларын, ғимарат шарбақтарын жуып-тазалау, ғимарат айналасындағы шөптерді ору, сыпыру, ғимараттың ішкі бөлмелерін жуу, архив қоймаларын шаңнан тазарту, ауладағы ағаштардың қураған бұтақтарын кесу, әктеу, ағаштар мен гүлдерді суару сияқты жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар барлық архивтерде ғимаратқа іргелес көшелер мен жаяу жүргіншілер жүретін жол жиектерін, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Бизнес-форумда екі елдің 80-нен астам кәсіпорын өкілі арасында B2B форматында екіжақты кездесулер өткізді. Бизнес-делегациясының құрамында білім, денсаулық сақтау, IT, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру салаларының өкілдері болды. Бетпе-бет жүздесіп, бизнес бастауға арнайы жиналған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Дархан Амангелдіұлы әр бизнес бастаушымен жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс әкімі инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Түркістан облысының…
