Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АЭС ЖАЙЛЫ ПІКІР
Қоғам

АЭС ЖАЙЛЫ ПІКІР

authorBy author27 сентября, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазіргі таңда елімізде АЭС құрылыс жобасына қатысты екі жақты көзқарас қалыптасып тұр.

Қоғамда  қолдаушылар қатары да көбейіп отыр,өйткені осы саладағы мамандар,энергетиктер мен ғалымдар АЭС салу еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына әкелетіндігін сенімді түрде өздерінің күнделікті пікірлері мен ойларында азаматтарға жеткізіп келеді.

Елімізде  экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына тығыз байланысты екендігі шындық.

Бізді қоршаған әлем жылдам өзге­руде, жаңа құндылықтар қа­лып­та­суда, өмір сүрудің бағыттарында жаңа идеялар пайда болып жатыр. Бұл атом электр стан­цияларында электр энергия­сын өнді­ру­ жайына да қатысты.

 

Негізі атом энер­гиясын табысты өндірудің кілті — ядролық реакторды дұрыс таңдау. Олардың түрлері мен сұ­рыптары өте көп. Негізінен олар бір-бірінен мақсаты мен жұмыс істеу қағидаттары және қауіпсіздік  деңгейлері бо­йынша ерекшеленеді.

Дүниежүзіндегі реактор өндіру­шілер уақыт өткен сайын бұ­рын­ғы­ларына қарағанда қауіп­сіз­деу жаңа типтегі реак­торлар шы­ға­рып жатыр.

 

Қазақстанда қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін жетістіктер мен әзірлемелерді пайдалана отырып,жаңа буындағы ІІІ не ІІІ+ реакторлық атом электр станциясының құрылысы қарастырылуда, болуы мүмкін апатты барынша азайтады және жаңа буынды реакторлардың басты ерекшелігі — станцияны сыртқы және ішкі әсерлерге барынша төзімді ететін белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйесінің бірегей үйлесімі. «Қазіргі заманғы үшінші буын атом электр стансаларында ауыр апат 10 миллион жылда бір рет ғана болуы мүмкін»- деп сендіреді ғалымдар.

Президентіміз Қ-Ж.Тоқанв Үкіметтің кеңей­тіл­ген отырысында елімізде атом электр стансасы құрылысын жүр­гізу туралы: «Біз­де ин­вес­тиция былай тұрсын, таза атом энергиясы жоқ болса, экономикамызды құл­дыратып аламыз, сөйтіп аймақтағы көшбасшылығымыздан айырыламыз. Сондықтан да бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет. Оның маңызын халыққа кәсіби тұрғыдан түсіндіру керек»- деді.

Ендеше халқымыз және еліміздің өсіп-өркендеуі мен экономикамыздың қарқынды дамуы үшін,басқа елдерден энергетикалық тәуелсіздікті толығымен қамтамасыз ету мақсатында заманауи талаптардың барлығына, әсіресе,еліміздің, жеріміздің және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне жауап беретін жаңа буынды реакторы бар атом электр станциясын салуды  ағымдағы жылдың 6 қазанда болатын жалпыұлттық Референдумда

қолдаймын.

Ана ретінде, қоғам белсендісі ретінде осы мәселе мені де толғандыруда, дегенмен жан — жақты талдау жасалып, халықтың да пікіріне құлақ асу маңызды деп білемін.

Референдум сәтті өтуіне тілектеспін.

Ел дауысы қоғамдық қорының атынан сол күні бақылаушы ретінде қатыса мын.

 

Алима Пашанова,

Журналистер Одағы, Халықаралық Жазушылар Одағы мүшесі, «Қарашаңырақ»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.