Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚЫЗМЕТТЕ АЙБЫНДЫ, ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ — ПОЛИЦЕЙЛЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚЫЗМЕТТЕ АЙБЫНДЫ, ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ — ПОЛИЦЕЙЛЕР

authorBy author26 сентября, 2024Updated:30 сентября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ең үлкен байлық — елдегі тыныштық пен татулық. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрін ұстанып, мәдениетін, тілін дамытуына мүмкіндік алып отыр. Қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, қолдан келгенше бірі кәсібін жүргізіп, бірі түрлі салада қызмет етіп жүр. Осы орайда  Түркістан облысы полиция департаментінде де қызмет атқаратын түрлі ұлт өкілдері жайлы айта кетуді жөн көрдік, олар қызмет етіп қана қоймай, арасында белгілі ақын-жазушылардың жырларын жатқа айтатын өнерлі маман иелері де бар екені қуантады.

Мысалы, Түркістан қалалық полиция басқармасында қызмет атқаратын ұлты беларусь Светлана Литвинюк. Нәзік жанды полиция қызметкері бүгінде полиция аға лейтенанты шенімен антына адалдық танытып, қылмыскерлердің құрықталуына өз үлесін қосып келеді. Ол Мұхтар Шахановтың өлеңдері жатқа оқып, «Туған жерім» атты өлеңін нәшіне келтіре айтып, түрлі сайыстарға белсене қатысатын жан. Ал Светлананың әріптесі ұлты өзбек Насыр Әсетұлы үш тілді еркін меңгерген полицей. Әсіресе қазақ тілінде мүдірмей анық сөйлейді. Менің тілім қазақ тілі деген патриот полицей ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқуды жаны қалайды.

Сондай-ақ Бәйдібектік Махмед Махмудов қазақ тіліне деген шексіз құрметінің айғағы ретінде өзінің жүрегінен шыққан өлеңдерін оқып, ақындыққа жаны құмар азамат екенін дәлелдейді. Ол «Ұлтым күрді болғанмен менің жүрегім қазақ, әрқашан қазақ деп соғады!»,- деді. ҚР ішкі істер органында бірталай жыл еңбек  етіп, полиция майоры шенімен зейнетке шыққан Махмед бос уақытында ақын-жазушылардың шығармашылығын оқығанды ұнатады.

Ал Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейі, ол тілге деген құрметін ерекше білдіріп, «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін. Тіл ұлттың сүйенетін тамыры…Мен Қазақстаныма аянбай қызмет ете беремін» , -дейді мақтанышпен.

Сонымен қатар Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің полицейі тәжік ұлтының баласы Шахрух Баратов әріптестері арасында «Туған жер» әнін орындап, көпшіліктің көңілінен шығып жүреді.

Мінеки осылайша облысымыздағы полиция құрылымдарындағы өзге ұлт өкілдері тілге, ән-жырға деген құрметтерін осылайша білдіреді екен. Тілді қорғау, құрметтеу ол баршамыздың борышымыз. Сондықтан кез-келген ұлттың болмыс бітімін білдіретін құндылықтардың бірі — тілді таза күйінде сақтай білейік. Тілге құрмет халық бірлігін нығайтатын басты құрал!

 

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.