Автор: author

Шымкент қаласындағы Тұран ауданында жас мамандарды жұмыспен қамтуға арналған «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде. Бұл бағдарлама жас түлектерге алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беріп, тұрақты жұмысқа орналасу жолындағы маңызды қадам саналады. Биыл Жаңаталап елді мекенінде ұйымдастырылған бір күндік ақпараттық науқан кезінде жергілікті тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен қатысу ережелері бойынша кеңес берілді. Іс-шараға Жастар ресурстық орталығы, Отбасы банк, Тұран және Абай аудандарының еңбек мобильді орталықтары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, «Бақытты жанұя» орталығы, сондай-ақ Тұран ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысып, ақпараттық қолдау көрсетті. Қатысушыларға қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік қолдау шаралары мен жастардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірілді.  Аудандық…

Read More

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу және жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өтті. «Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке» деген болатын Мемлекет басшысы. Расында, белсенді жастардың қатысуымен өткен шара рухымызды көтерді. Көк туымызды желбіреткен жастар шеруі «Қазақ хандығына 550 жыл» монументінен бастау алып, Тәуелсіздік алаңына дейін жалғасты. Шеруге әр оқу орнынан 33 жас қатысты. Бұл шара еліміздің өткені мен бүгіні арасындағы сабақтастықты айқын көрсетіп, жас…

Read More

«JASYL EL» атауы әрбір қазақстандыққа жақсы таныс. Жалпыұлттық жобаның еңбек маусымы жалғасуда. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді. Осы ретте жыл сайын еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып келе жатқан жобаның биылғы жаңалықтары туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік. «JASYL EL» еңбек жасақтарына өтінім қабылдау биылғы жылы мамыр айынан бастап, ерікті жастардан құралған топ жұмысты жалғастырып келеді. Жобаға 16-34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Еңбек сарбаздарына арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Жалпы Шымкент қаласы бойынша биылғы жылы 1313 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Жоба Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Жастар құжаттар мен…

Read More

Шымкентте «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Өмір сыйла, донор бол!» тақырыбында қан тапсыру акциясы өтті. Бұл шараның мақсаты – жастарды донор болуға шақыру, қан мен оның компоненттерінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. «Денсаулық — зор байлық» деген қағидаға сүйенсек, әр адамның денсаулығы – қоғамның байлығы. Халқымыздың «Дені саудың жаны сау» деген сөзі де денсаулықтың маңызын айқындайды. Бүгінгі акция да осы ұстанымның негізінде ұйымдастырылды. Донор болу арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп төнген жандарға көмек көрсету – ең басты мақсат. Донор бір рет қан тапсырған кезде орта есеппен үш адамның өмірін құтқара алады. Ал тұрақты донорлар жылына 12 адамды аман алып қалуға…

Read More

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұлт тірегі – Отбасы» тақырыбы аясында Ө.Жәнібеков атындағы педагогикалық университеттің жастарымен кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.  Отбасы – қоғамның тірегі, ал бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы. Жиынның мақсаты – жастарға отбасы институтының қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау. Соңғы жылдары елімізде отбасы тәрбиесі, құндылықтары мәселесіне мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның рөлі осы тұрғыдан ерекше.  Жиында сөз сөйлеген Назарбаев университетінің профессоры, «InterPress Ih» халықаралық тілдер орталығының директоры, комиссия…

Read More

Жол – өмір. Көлік логистикасы – экономиканың күретамыры. Тамыздың алғашқы жексенбісі елімізде Көлік қызметкерлері күні мерекесі кең ауқымда аталып өтуде. Ел экономикасының қарыштауы мен әлеуметтік саланың дамуы көлік қызметкерлерінің сүбелі үлесіне тікелей байланысты. Бүгінде осы сала қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік инфрақұрылымы жаңғыртылып, жаңартылуда. Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы міндеттердің орындауында өрт сөндіру көлігінің орны ерекше. Осындай маңызды көлікті тізгіндеп, тілсіз жаумен күресте ерлікке пара-пар еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі — №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Ерлан Мұханов. Ерлан Манатұлы 1991 жылы 19 мамырда Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Таваксай селосында дүниеге келген. Ол…

Read More

Жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда Көлік қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл мереке 1998 жылы республика Президентінің Жарлығымен бекітілген кәсіби мерекелер тізбесіне енген ресми статусқа ие. Көлік саласының барлық еңбеккерлері – автомобиль, теміржол, су және авиация көлігінің өкілдері үшін бұл күн ерекше. Жүргізушілер, диспетчерлер, кондукторлар, бақылаушылар, машинистер, жолсеріктер, ұшқыштар, стюардессалар және техникалық персонал секілді мамандардың еңбегі осынау мерекеде бағаланып, еленеді. Шымкент қаласында осы сала мамандарының бірегей өкілдерінің бірі – “Shymkent Bus” ЖШС автобаза диспетчері Нариман Нонахов. 39 жастағы Нариман қала тұрғындарының қоғамдық көліктермен тасымалын бақылап, олардың күні бойғы жұмысын үйлестірумен айналысады. Диспетчердің міндеті – жолаушылар тасымалы қозғалысын үйлестіру, маршруттарды…

Read More

Шымкент қаласында 11 тасымалдаушы компанияға тиесілі 916 автобус 77 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Тамыз айының алғашқы жексенбісі – осы салада тер төгіп, қала тұрғындарын күнделікті тасымалдаумен айналысатын көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Біз таңғы 05:30-да автобус паркіне келдік. Бізді тәжірибелі жүргізуші Сейіт Тұрсынбекұлы Тайтелиев күтіп алды. Автобус жүргізушісінің еңбегі қаншалықты қиын әрі қызықты екенін түсіну үшін арнайы келгенімізді жеткіздік. «Бірінші диспетчерге барып, құжатты көрсетуіміз керек. Жолға шығу талонын алуымыз қажет. Одан кейін денсаулық сақтау пунктінде алкоголь деңгейін тексереміз. Алкотестте адамның ішімдік ішкені, ішпегені анық байқалып тұрады. Қан қысымын да тексеру маңызды», — дейді Сейіт аға. Ол диспетчерге жүргізуші…

Read More

Қазіргі таңда медициналық қызметтің сапасын жақсарту – қоғам үшін өзекті мәселе. Жедел медициналық қызмет, әсіресе, жеделділікті талап етеді, өйткені мұнда адам тағдыры тұр. Мегаполис шаһарда осындай жауапты салада жүргізуші қызметін абыроймен атқарып жүргендердің бірі – Жандос Әділбаев.  Жандос Нағашбекұлы 1990 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2016 жылдан бері жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында жүргізуші болып жұмыс істейді. Білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында әрдайым жаңа ақпараттар мен дағдыларды меңгеруге тырысады. Алғашқы еңбек жолын әр түрлі салада бастаған Жандос, ақырында, медициналық қызметке бет бұрып, өзінің нағыз Calling-ін тапты. Бүгінде Жандос 1 ұл, 3 қыздың әкесі. Отбасы – оның өміріндегі басты тірек. Ол…

Read More

Тамыз айының алғашқы жексенбісі — Көлік қызметкерлері күні. Бұл мереке — теміржолшылардың, көлік жүргізушілерінің, ұшқыштардың, диспетчерлердің, көлік инженерлері мен кәсіпорындар қызметкерлерінің ортақ мерекесі. Жыл он екі ай ыстыққа күйіп, суыққа тоңып жүріп, еңбек ететін осы жанкешті кәсіп иелерінің ерен еңбегі еленетін күн. Құшақтары гүлге толып, ақ тілек ағылып, құрмет пен қошемет кеудеге марапат боп тағылатын күн.  Көлік саласы – қоғамның экономикалық тірегі. Бұл салада жұмыс істейтін азаматтардың жауапкершілігі мен кәсібилігі еліміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Көлік қызметкерлері кез келген жағдайда шұғыл әрекет етуге дайын болып, күн сайын өз міндеттерін адал атқарады. Олар тек техникалық дағдыларымен ғана…

Read More