Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ: ЕҢБЕК ЕРЕНДЕРІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ: ЕҢБЕК ЕРЕНДЕРІ

authorBy author18 октября, 2024Updated:29 октября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Тамыз айының алғашқы жексенбісі — Көлік қызметкерлері күні. Бұл мереке — теміржолшылардың, көлік жүргізушілерінің, ұшқыштардың, диспетчерлердің, көлік инженерлері мен кәсіпорындар қызметкерлерінің ортақ мерекесі. Жыл он екі ай ыстыққа күйіп, суыққа тоңып жүріп, еңбек ететін осы жанкешті кәсіп иелерінің ерен еңбегі еленетін күн. Құшақтары гүлге толып, ақ тілек ағылып, құрмет пен қошемет кеудеге марапат боп тағылатын күн.

 Көлік саласы – қоғамның экономикалық тірегі. Бұл салада жұмыс істейтін азаматтардың жауапкершілігі мен кәсібилігі еліміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Көлік қызметкерлері кез келген жағдайда шұғыл әрекет етуге дайын болып, күн сайын өз міндеттерін адал атқарады. Олар тек техникалық дағдыларымен ғана емес, сондай-ақ жауапкершілігімен, жанқиярлығымен де ерекшеленеді.

 Көлік саласындағы ең жауапты жұмыстардың бірі – өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі болу. Бұл жұмысты мүлтіксіз атқарып келе жатқан азаматтардың бірі — №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау старшинасы – Асылбек Саханов.

Асылбек Әзімханұлы:

– Апат айтып келмейді. Өрт шығып, төтенше жағдай орын алған кездегі ең маңызды мәселенің бірі – жеделдік. Бригада оқиға орнына қаншалықты жылдам жетсе, өрттің салдары соншалықты аз болатыны белгілі. Сондықтан біз әрдайым оқыс жағдайға дайын болуға, шақырту түскен кезде барынша жедел қимылдауға тырысамыз. Мұның өзі адамның мойнына үлкен жауапкершілік жүктейді.

 Асылбек Саханов 1979 жылы 11 наурызда ОҚО, Ордабасы ауданы, Алтынтөбе елдімекенінде дүниеге келген. 2002-2007 жылдары Көкшетау университетінде «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша білім алған. 2007 жылдан бастап азаматтық қорғау органында қызмет атқарады.

Асылбек азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай ҚР ІІМ ТЖК грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, «Мінсіз қызметі үшін» медалінің ІІІ және ІІ дәрежелерімен де құрметтелген.

 Асылбек сияқты еңбеккерлер тек өз міндеттерін орындап қана қоймай, қоғамдағы қауіпсіздік мәселелеріне де жауапкершілікпен қарайды. Олар жастарды тәрбиелеп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Көлік қызметкерлері қоғамдағы әртүрлі шараларға қатысып, білімдерін, тәжірибелерін бөліседі.

Олар сондай-ақ қоғамды түрлі қайырымдылық іс-шараларына тартуға, экологиялық мәселелерді шешуге, жергілікті қауымдастықтардың дамуына үлес қосуға дайын. Көлік қызметкерлері, сонымен қатар, қауіпсіздік мәдениетін насихаттап, өздерінің тәжірибелері арқылы жастарға үлгі болып табылады.

 Көлік қызметкерлері күні – тек мереке ғана емес, сонымен қатар, көлік саласының қызметкерлеріне өз еңбектерін бағалау мен құрмет көрсету үшін тамаша мүмкіндік. Бұл күні әріптестер, достар және отбасы мүшелері бір-бірін құттықтап, қоғамның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.

Асылбек Әзімханұлын бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Ел игілігі, қоғамның қауіпсіздігі жолындағы қызметіне табыс тілейміз! Мұндай еңбеккерлердің жанқиярлығы, кәсібилігі мен адалдығы қоғамның қауіпсіздігі мен дамуына үлкен үлес қосады.

Көлік қызметкерлері күні – осы еңбек еткен азаматтарға шынайы құрмет көрсетуіміз қажет. Олар – еліміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатының негізі, және олардың қажырлы еңбегі әрдайым бағалануы тиіс. Еңбек адамының рөлі қоғамда ерекше. Олар тек өз жұмысына ғана емес, елдің болашағына, жастардың тәрбиесіне, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға да үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.