Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАСТАР ШЕРУІ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАСТАР ШЕРУІ ӨТТІ

authorBy author18 октября, 2024Updated:29 октября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу және жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өтті.

«Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке» деген болатын Мемлекет басшысы. Расында, белсенді жастардың қатысуымен өткен шара рухымызды көтерді.

Көк туымызды желбіреткен жастар шеруі «Қазақ хандығына 550 жыл» монументінен бастау алып, Тәуелсіздік алаңына дейін жалғасты. Шеруге әр оқу орнынан 33 жас қатысты. Бұл шара еліміздің өткені мен бүгіні арасындағы сабақтастықты айқын көрсетіп, жас буынға еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресінің маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды қадірлеу және жастарды ұлттың жарқын болашағының кепілі ретінде тәрбиелеуде үлесі зор болды десек, қателеспейміз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың рөлі осы шеруде ерекше айқындалады, себебі олар елдің болашағы ретінде Қазақстанның егемендігін сақтап, оны одан әрі нығайтуға өз үлестерін қосатын болашағымыз. Сондай-ақ, бұл шара арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, ел тарихын терең түсінуге мүмкіндік жасау көзделді.

– Республика күні – еліміздің барлық азаматтары үшін ортақ мереке. Шеру барлық қатысушыларға өз тарихымызды мақтан тұту мен дене шынықтыруды насихаттайтын, еліміздің тәуелсіздігін атап өтетін маңызды іс-шара болды. Сондықтан көшеге шығып, Республика күніне орайластырылған іс-шараларға қатысып, жастардың рухы көтерілді. Рәміздерге құрмет артып, Отанға деген махаббатымыз оянады, – дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Спатаев.

Шара барысында жастар ұлттық әндер мен би өнерлерін көрсетіп, Тәуелсіздік пен егемендіктің символы ретіндегі рәміздерге деген құрметін білдірді. Қатысушылардың бірі: «Біз бүгін Тәуелсіздігіміздің қадірін білетін жастар ретінде осы шеруге қатысқанымызға қуаныштымыз. Ел тарихын, тәуелсіздік жолындағы күресімізді ұмытпауымыз керек», – деп пікірін білдірді.

Шараға қатысқан жастардың бір-бірімен сөйлесіп, тәжірибе алмасуы да маңызды болды. Жастар өзара пікір алмасып, еліміздің болашағына қатысты жоспарларымен бөлісті. «Біз бірлесе отырып, еліміз үшін көп нәрсе жасай аламыз. Тәуелсіздігімізді сақтау – біздің міндетіміз», – деді тағы бір қатысушы.

«Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі тек қана мерекелік шара емес, сонымен қатар, жастардың патриоттық сезімдерін оятуға, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылды.

Шараның соңында жастар Ұлттық валюта – теңге және мемлекеттік рәміздер жайлы білетіндерін тексеру мақсатында викторина өткізіп, еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы қосымша ақпарат алды. Бұл шара жастарды еліміздің тарихымен таныстырудың тағы бір тиімді тәсілі болды.

Келешекте осындай іс-шаралардың тұрақты түрде өткізілуі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, қоғамның дамуына қосар үлесін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Жастардың өздерін елдің болашағы ретінде сезінуі, тәуелсіздікке деген құрметтерін арттыруы – біздің ортақ мақсатымыз.

Шараның өтуі жастардың бірлігін, ынтымақтастығын нығайтуға, олардың еліміздің тарихына және болашағына деген жауапкершілігін арттыруға септігін тигізді. Әр жас – елдің болашағы, сондықтан, оларды тәрбиелеу мен қолдау көрсету – баршамыздың міндетіміз.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.