Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұлт тірегі – Отбасы» тақырыбы аясында Ө.Жәнібеков атындағы педагогикалық университеттің жастарымен кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Отбасы – қоғамның тірегі, ал бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы. Жиынның мақсаты – жастарға отбасы институтының қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау. Соңғы жылдары елімізде отбасы тәрбиесі, құндылықтары мәселесіне мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның рөлі осы тұрғыдан ерекше.
Жиында сөз сөйлеген Назарбаев университетінің профессоры, «InterPress Ih» халықаралық тілдер орталығының директоры, комиссия төрағасының орынбасары Ардақжан Жакенова, Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айғаным Мұхтарқызы қоғамдағы келеңсіздіктер, зорлық-зомбылық мәселелері мен әйелдердің құқықтарын қорғау жайлы сөз қозғады. Спикерлердің пікірінше, «Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ».
Гүлжан Сүгірбаева, университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы, кездесудің университетте өтуінің заңдылық екенін атап өтті. «Біздің оқу ордамызда 7500 студент бар, оның 7000-ы қыздар. Кездесу үлкен диалог алаңы болды», – деді ол. Сонымен қатар, ол «Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсымен» бірлесіп «Аналар мектебін» құру жоспарымен бөлісті. Бұл жоба студенттердің тәрбие бағытын, отбасылық құндылықтар мен ұлттық педагогика негізін қамтитын болады.
Кездесу барысында қатысушылар отбасылық мәселелердің түрлі аспектілерін талқылап, жастарға қажетті кеңестер берді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды. Спикерлер отбасының қоғамдағы рөлін, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жастардың отбасылық құндылықтарға деген көзқарастары мен дәстүрлерді сақтау мәселелері де талқыланды.
Іс-шараның қорытындысында Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Аружан Руслан отбасы құндылықтарының нығаюы мен болашақ ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие берудің маңызын атап өтті. Ол мұндай кездесулердің тұрақты түрде өткізіліп тұратындықтарын жеткізді.
Отбасы – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның негізі. Жастарға отбасы институтының маңызын түсіндіру, оларды отбасылық құндылықтарға тәрбиелеу – біздің болашағымыз үшін маңызды. Мұндай іс-шаралар қоғамда орнықты, берекелі отбасылардың қалыптасуына ықпал етеді. Отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені дәріптеу, жастардың санасында өмір бойы сақталатын ізгі ұстанымдарды қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз.
Кездесу барысында жас буын өкілдері өздерінің отбасылық өмірге, жауапкершілікке, әдептілікке қатысты сұрақтарын қойып, сол арқылы келешек ұрпақтың тәрбиесіне өз үлестерін қоса білді.
Болашақта осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыру, жастардың отбасылық құндылықтарды ұғынуына, ата-ана тәрбиесін тереңірек түсінуіне мүмкіндік беретін болады. Отбасы – бақыттың бастауы, сол себепті, әр отбасындағы құндылықтарды сақтау және дамыту – барша қоғамның міндеті.

