Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда. Акция аясында қала көшелерінің бойында орналасқан светодиодты түнгі жарықшамдарға жаппай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, істен шыққан лампалар жаңасына ауыстырылып жатыр. Негізгі орталық көшелерде тиісті жұмыстар жүргізіліп біткен соң, ішкі көшелердің бәрінде істен шыққан түнгі жарықшам бағаналары қалпына келтірілетін болады. Бүгін Арбат демалыс аумағында орындықтарды сырлау, бұзылғандарын ретке келтіру, ағаштарды суарып, арамшөптерін шабу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар брусчаткалар ретке келтіріліп, ойын балалары үшін барынша жағдайлар жасалынуда. Ал «Теміржолшылар» саябағында маусым айында түнгі жарықшамдар іске қосылып, балалар үшін таптырмас ойын сауық орталығына айналды. Бұдан бөлек, саябақ аумағынан қоқыстар жиналып, полигонға шығарылуда. Абаттандыру, тазалау шаралары Дендросаябақ, С.Адабеков…
Автор: author
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «URKER» жазғы сауықтыру лагері іске қосылды. Жоба құны 400 млн теңге болатын кешенде 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылады. Демалыс аймағының ашылу салтанатына қатысқан Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов тұрғындарды құттықтап, балаларға жазғы демалысты жақсы өткізуге тілектестігін білдірді. — Жазғы демалыста осы лагердің іске қосылғаны біз үшін де, балалрымыз үшін де қуанышты жағдай. Енді балаларымыз жазғы уақыттарын ата-анасынан жырақта емес, жақын маңайдағы табиғаты керемет лагерде демалатын болады. Демалып қана қоймай, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік болады. Осындай игі істі қолға алған азаматтарға алғысымыз шексіз, — деді қала әкімінің орынбасары. «URKER» жазғы сауықтыру лагерінде 450 бала үш ай бойы…
Түркістан облысы бойынша басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік қызмет көрсететін орталық, мүгедектігі бар адамдарға және қарт азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп келеді. Оның ішінде 10 мекемеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандарттарына сәйкес мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін көрсетумен айналысады. Оған қоса аудан, қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қарасты 49 үйде қызмет көрсету бөлімдері мен 11 күндізгі қатынау бөлімшелерінде үйде және күндізгі болу жағдайында, мүгедектігі бар балалар мен жалғызілікті қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде. Өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Кентаудағы Жылу энерго орталығын жаңғырту жобасы бойынша кезекті кездесу өтті. Кездесуге «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің басшылығы мен жауапты басқарма басшылары қатысты. Бүгінде «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жаңа газ турбиналы электр станциясын салу арқылы қолданыстағы Кентау ЖЭО-5 мекемесін кеңейту жобасын іске асыруда. Түркістан облысының әкімдігі, ҚР Энергетика министрлігі және «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» ЖШС арасында биылғы көктемде. үшжақты ниет шартына қол қойылған. Жобаның бастамашысы – «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл жобаның халық үшін маңызы зор әрі қатаң бақылауда екенін жеткізді. Жобаның есеп-қисабын дәл есептеп, міндетемелерді…
Түркістанға Корея халықаралық сауда қауымдастығының басқарма төрағасы Юн Джин Сик жұмыс сапарымен келді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы кездесіп, келіссөз жүргізді. – Біздің елдің Корея халқына деген ілтипаты, көзқарасы өте жақсы. Өйткені бұрыннан тарихи байланыс орнаған. Сіздер жақтан келетін инвестицияны жылы қарсы алады әрі қолдайды. Түркістан – түркі әлемінің орталығы, тарихи өлке. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің және үлкен инвестициялық әлеуетке ие. Біздің өңір – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа…
Теміртау қаласында академиялық есуден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі сынға еліміздің 5 өңірінен 110 мықты спортшы қатысты. Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары өте сәтті өнер көрсетіп, 33 медаль жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, түркістандықтар 24 алтын, 5 күміс және 4 қола жүлде еншіледі. Осылайша, Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің өрендері сенімді ақтады. Әртүрлі бағдарламалар бойынша чемпион атанғандар: M1x – Яковлев Владислав W1x, W2x, W4x – Жакупова Мелани LM1x, M2x – Афанасьев Александр M2-M4 – Чернухин Иван, Галкин Владислав W2-W4 – Волкодавова Валентина, Лебедева Мария LM2x, LM4x – Керімбек Әділет LW2x – Кеңес Роза М4х – Яковлев Владислав, Афанасьев Александр…
Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі басталды. Этноауылда ашылу салтанаты өтіп, көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды Алғаш болып фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының көркемөнерпаздары ашты. Этноауылда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің және ауданның жетістіктері туралы көрмелер ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанды. Содан соң дәстүрлі және халық әндері шырқалды. Ал аптаның сенбі күні «Керуен сарай» туристік кешені аумағында гала-концерт өткізу жоспарланған. Осыған орай сайрамдық өнерпаздар әуезді ән мен би билеп, Түркістан кешін көңілді етті. Атап айтқанда, Нұршат Мұсырманқұл, Асқар Нұрсұлтан, Жастар квинтеті, № 1 Сайрам балалар саз мектебінің «Жетігеншілер» триосы, Аяла Айдарқызы, Сәбден Байбөрі,…
Түркістан облысы бойынша аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы күрес «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» болжамымен 260 мың гектардан астам алқапқа жүргізілді. Марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша жалпы аумағы 715,18 мың га алқап толық зерттелген. Алайда өңірде зиянкестердің 50 мың гектардан астам таралу учаскелері анықталды. Қосымша өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысын өткізген вице-премьер Серік Жұманғарин өңірлердегі жағдайға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік инспекция комитетіне барлық рәсімдік мәселелерді дереу аяқтауды және барлық қажетті техниканы аталған өңірлерге жіберуді тапсырды. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды.…
2014 жылы іске қосылған «Серпін-2050» бағдарламасы он жыл ішінде талай жастың жоғарғы оқу орнына түсуіне септігін тигізген ауқымды жоба. Биылғы жылы да еліміздің халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерінен солтүстіктегі облыстарға білім аламын деушілерге 4 мың грант бөлініп отыр. Қазіргі таңда бағдарламаны түсіндіру мақсатында Түркістан облысында «Жоғары білім» атты көрме өтіп жатыр. Шараға мектеп түлектері қатысып, еліміздің теріскейіндегі 23 жоғарғы оқу орнының бірінде студент атануына мүмкіндігі бар. Оқу гранттарының 2 500-ден астамы — педагогика бағытында болса, 700-ге жуығы — инженерлік өңдеу және құрылыс саласы. Сонымен қатар, 300 грант — IT саласына бөлінсе, 70-ке жуық грант — ауылшаруашылығы және биоресурстар бағытында. Айта кетейік,…
Бүгін Түркістанда 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған облыстық патриоттар форумы өтеді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, көпшілікті келе жатқан айтулы күнмен құттықтады. – Халықтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру – баршамыздың азаматтық борышымыз ғана емес, басты жауапкершілігіміз. Дәл осы мерекеге орай, дәстүрлі түрде өткізіліп отырған облыстық Патриоттар форумында нағыз үздіктер марапатталғалы тұр. Сіздердің жетістіктеріңіз әрбіріміз үшін зор мақтаныш екені даусыз! Патриотизм – өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі екені барлықтарыңызға белгілі. Мемлекеттік рәміздеріміз өз тұғырынан түспей, еліміз…
