Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАНДА КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

authorBy author21 июня, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін Түркістанда 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында спартакиада өтті. Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысты Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Жалпы сайысқа көптеген команда қатысуға ниет білдірген. Журналистер спорттық бәсекеде өзара волейбол, шағын футбол, ләңгі тебу, үстел теннисі және арқан тартудан күш сынасып, жүлделі орындарға таласты.
Спартакиада волейбол мен ләңгі тебуден басталды. Волейболдан «Тұран БАҚ» командасы алға шықты. Ал спартакиадаға биыл қосылған ұлттық ойын – ләңгі тебуден «Turkistan» телеарнасының қызметкері Айдос Игіліков жеңіске жетті. «Жанубий Қозоғистон» газетінен Сабыржан Исаметов екінші орынға ие болса, «Баспасөз хатшылары» тобының өрені Төребек Байтасов үшінші орынды олжалады.
Футболдан «Turkistan» телеарнасының жігіттері жеңіп шықты. Ал екінші орынды «Тұран БАҚ», үшінші орынды «Баспасөз хатшылары» командасы иеленді. Журналистердің ептілігін айқындайтын тағы бір спорт түрі – үстел теннисі. Рысгүл Досжанова «Turkistan» телеарнасының намысын қорғап, 1-ші орынды иемденді. Екінші орынды «Баспасөз хатшылары» командасының өкілі Фариза Табылдиева еншіледі. Үшінші орынды «Отырар» телеарнасының өкілі Шынар Оразова олжалады.
Арқан тартудан 1-орынды – «Оңтүстік» телеарнасы жеңіп алса, 2-орын – Баспасөз хатшылары, ал 3 орын – «Turkistan» ұжымына бұйырды.
Осылайша бір күнге созылған дүбірлі дода нәтижесінде топтық есепте бірінші орынды 102 ұпаймен «Turkistan» телеарнасының ұжымы иеленді. Екінші орынға 79 ұпаймен «Баспасөз хатшылары» жайғасты. Ал қола жүлделі үшінші орын «Тұран БАҚ» командасына бұйырды.
Шара соңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев жеңімпаз командалар мен үздік өнер көрсеткен спортшы-журналистерді марапаттады. Әр сайыстың жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар, ал үздік ойын көрсеткен ақпарат саласының қызметкерлеріне түрлі номинациялар табысталды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.