Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ПЕН КЕЛЕС АУДАНДАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ПЕН КЕЛЕС АУДАНДАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

authorBy author20 июня, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барып, күрделі жөндеу жұмыстары басталған білім, денсаулық, мәдениет нысандарын аралады. Құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын қадағалады.
«Абай» Келес аудандық ауруханасының бас корпусында процесс басталған. 40-қа жуық жұмысшы тартылған. Облыс әкімінің орынбасары мұның өте аз екенін айтып, жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындарды тарту керек деді. Мердігерге бұдан бөлек кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды.
Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округінде 150 орындық жаңа мәдениет үйі әрі кітапхана құрылысы жүргізіліп жатыр. «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы қаралған. Қыркүйек айында ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Қолданысқа берілген соң ғимарат бос тұрмауы қажет. Үйірмелер, шығармашылық кештер, іс-шаралар ұйымдастырылады.
Іссапар әрі қарай Сарыағаштағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде жалғасты. 7 ауысымда 2100 оқушыны қамтиды деп жоспарлануда. Алғашқы легі де қабылданған. Лагерде әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалар демалатын болады. Экологиялық таза аймақта орналасқан. Тазалық талаптарына сай. Материалдық-техникалық базасы да жаңартылған. Жаз бойы мамандандырылған күзет, учаскелік полиция қызметкерлері қауіпсіздігін бақылайды.
№22 Елшібек батыр және №35 Б.Гафуров атындағы мектептердің құрылыс алаңына барып, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу барысымен танысты. Жоспар бойынша есіктері, едендері, шатырлары, жылу жүйелері ауыстырылады. Әжетхана мен қоршаулар жаңарады. Ішкі және сыртқы әрлеу, абаттандыру жұмыстары жасалады. Биыл тамыз айында аяқталуы тиіс.
Өңірде 22 мектепке күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Жалпы 200-ден астам құрылыс жүргізіліп жатыр. Барлығы да облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тұрақты бақылауында. Мердігерлер, бас жобалаушылар, техникалық қадағалаушылар, жауапты басқармаларға құрылыс кестесінен кешікпеу, жұмысшы күшін екі есе көбейту, құрылыс сапасына аса мән беру тапсырылды. Егер мерзімнен кешігу немесе құрылыс сапасы төмен болған жағдайда айыппұл салынатыны ескертілді.
Облыс әкімінің орынбасары балалардың болашағын ойлап, жанашырлықпен атқаруды тапсырды. Сондай-ақ алдағы уақытта мониторинг жұмыстарының күшейетінін жеткізді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.