Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 ЖЫЛ КӨЛЕМІНДЕ 9,5 МЫҢНАН АСТАМ ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 ЖЫЛ КӨЛЕМІНДЕ 9,5 МЫҢНАН АСТАМ ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

authorBy author20 июня, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысы құрылғаннан бері 6 жыл ішінде облыстық және аудандық жолдар мен көшелерді жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 311,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 9544,6 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жол саласына қаралған қаржылардың басым бөлігі облыс орталығына баратын күре жолдардың жағдайын жақсартуға және туристік орындарға баратын жолдарды дамытуға бағытталды. Сондай-ақ шалғай аудандардағы ауылдарды аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын жолдарды жөндеуге басымдық берілді.
Атап айтсақ, ұзындығы 26 шақырым болатын «Түркістан қаласына кентау қаласы жағынан кіребес жолды қайта құру» нысаны толық аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, тұрғындар Кентау-Түркістан бағытындағы күре жолға балама жолмен және Жамбыл облысы мен Созақ ауданынан Түркістан қаласына келетін қысқа жолмен қамтамасыз етілді. Төлеби және Сайрам аудандарындағы туристік орындарға баратын Шымкент-Көксәйек-Қасқасу, Біркөлік, Манкент-Көлкент бағыттарындағы жолдар жөндеуден өтті. Сауран ауданын облыс орталығы Түркістан қаласымен қосатын Шорнақ, Майдантал, Жүйнек, Қарнақ елді мекендерінен өтетін 100 шақырымға жуық облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, бүгінгі таңда Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64,1 шақымдық жол қайта құрудан өтуде. Жоба 4 учаскеге бөлініп, жол 2 жолақтан, 4 жолаққа кеңейтілуде. Түлкібас ауданы бағытындағы Келтемашат, Састөбе, Шұқырбұлақ, Майтөбе бағытындағы 69,4 шақырымды құрайтын жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтті. Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт-Тұрбат, Жігерген-Көкібел, Шарапхана-Жаңабазар, Айнатас-Қақпақ бағыттарындағы жолдарды «БЕ-БҚ» көлік дәлізіне қосатын 64,5 шақырымдық күре жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ордабасы ауданындағы Бадам, Шұбар, Қайнар, Ұялыжар, Теспе елді мекендерін «БЕ-БҚ» көлік дәлізімен жалғайтын 53,4 шақырым жолдағы асфальт жабындылары жаңартылды.
Сонымен қатар, облыстан алыста орналасқан, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Созақ аудандарындағы 300 шақырымнан аса күре жолдарды жөндеу қолға алынған.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 71,2 пайызды құрады. 2024 жылдың соңында дейін бұл көрсеткішті 94 пайызға жеткізу көзделуде.
Түркістан облысы аумағындағы елді мекендердегі көшелерді жақсарту бағытында да жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта елді мекендердегі көшелердің жақсы жағдайдағы үлесі 70,2 пайызды құрап отыр. Өңірдегі жолдардың сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстардың барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында тұр.
Биылғы жылдың қорытындысымен 546,6 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.