Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРУДЕ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРУДЕ

authorBy author21 июня, 2024Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында үш мәселе қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Бегімхан Ахметов кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілі кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыру және демалыс маусымында қауіпсіздікті алдын алу шаралары туралы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова да осы саладағы жұмыстарды баяндады. Содан соң облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Жалайыров білім беру ұйымдары жанындағы жол инфрақұрылым белгілері «Қауіпсіз жол» жобасы жайында мәлімдеді.
Айта кетейік, облыста арнайы және ресми халықтың шомылатын орындары жоқ елдімекендерде модульді-каркасты бассейіндер сатып алынып, тегін және қауіпсіз шомылуына мүмкіндіктер жасалынуда. Биыл жыл басынан бері 72 дана қаркасты бассейн сатып алынып, орнатылды. Қазіргі таңда жалпы каркасты бассейндер саны 143-ге жетіп отыр.
Жекеменшік стационарды бассейндері бар кәсіпкерлермен меморандум түзіліп, әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан 2 мыңға жуық бала ақысыз суға шомылуда. Бұдан өзге «Білім беру ұйымдарын қауіпсіз жол инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің жоспары» аясында жол белгілерін жөндеу, жаңалау, жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша 1698 дана жол белгілерін орнату, жаңарту жұмыстары жоспарланса, бүгінгі таңда 409-ы орнатылған.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хаттама түзіліп, назарға алынатынын жеткізді. Жиында айтылған мәселелер бойынша құзырлы органдарға тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.