Автор: author

Шымкенттегі №6506 әскери бөлімінде орналасқан номері №89 сайлау учаскесінде таңдау жасау 06:00-де басталды. Бөлімдегі 665 мерзімді әскери қызметшілер еліміздегі АЭС болу бойынша өтіп жатқан референдумге қатысып өз таңдауларын жасады. Учаскеде дауыс беруге және сайлаушылардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік жасалған. Ескерте кететін жайт, әскери қызметкерлер таңғы сағат 07:00-ден қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатын болады.

Read More

Есен Қалмырзаев еңбек жолының алғашқы сатысын Локомотив депосында слесарьлықтан бастаған, ол Отан алдындағы әскери борышын Қандағар провинциясында өткiзген. — Мен рота бойынша үздiк атқыштар қатарында болатынмын. Кейде әскери кеңесшiлермен бiрге сапарға шықсам, ендi бiрде тiкұшақпен Пәкiстан шекарасындағы операцияларға қатысатынмын. 1980 жылдың мамыр айында басымнан өткен мына оқиға әлi есiмнен кетпейдi. Жалпы құрамы 52 жанар-жағар май құйған колоннаны БТР машинасымен күзетiп Шындант қаласына бара жатқан болатынбыз. Барлаушылардың «Жол таза. Қауiп жоқ» деген мәлiметтерiне сүйенiп, негiзгi құрамнан бiздiң экипаж ғана шыққан болатын. Колоннада жүргiзушiлерден басқа қосымша жауынгерлер жоқ едi. Барлаушылардың мәлiметi дұрыс болмай шықты. Жолды дұшпандар торуылдап, оқ жаудырды. Бiр машина тоқтап…

Read More

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында, «еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат» дей келе «егер біз бұл құндылықтарға адал болмасақ, біздің елімізге үлкен қауіп төніп тұр. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мызғымас болуы керек. Бұл негізгі қағида. Мен бұл туралы әрқашан халықаралық аренада ашық және анық айттым. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының ең биік трибунасынан сөйлеген сөзімде мен бұл туралы тағы да мәлімдегенім кездейсоқ емес» деп атап өткен болатын. Расында,шекара шебінқорғау, ұлы елдің ұлы мұраттары жолындағы еңасыл ісі. 1991 жылдан бері етек-жеңін тірнектеп жинаған елдің бүгінгі болмысына тамсана қарайтын әлем елдері аз емес. Олардың ішінде…

Read More

«Орайлы сәтті пайдаланып, бірқатар өзекті мәселеге тоқталғым келеді. Бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық референдумда халқымыз Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселені шешеді. Дауыс беру нәтижесі қандай болса да, бұл – айтулы уақиға. Алдағы референдум – Қазақстанда соңғы бес жылда болған ауқымды өзгерістердің тағы бір мысалы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі. АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымымды бұған дейін бірнеше рет айттым. Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Атом электр станциясын салу – ұзақмерзімді…

Read More

Елдегі маңызды шаралардың бәріне полиция қызметі қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол тәртібін бақылау, ұйымдасқан қылмысты әшкерелеумен қатар түрлі қылмыстарды анықтауда да белсенділік танытады. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қылмыс түрлері, оның ішінде ұрлық, алаяқтық, есірткі саудасы тыйылмай тұрғаны әрине көңілді қынжылтады. Өңір полицейлері күндіз-түні үздіксіз жұмыс істеп, қылмыскерлерді құрықтауға бар күшін салуда. Десе де оңай жолмен ақша табуды көздейтін адамдардың азаймай тұрғаны өкінішті. Осы ретте Түркістан облысында жедел уәкілдермен бірге өткізілген жедел-профилактикалық және жедел іздестіру іс-шараларын жақсартуға бағытталған, криминогендік жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылық пен қылмысты анықтау және жолын кесу мақсатында ашылған бірқатар қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды атап өтсек:…

Read More

Ағымдағы жылдың 6 қазан күні қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тасымалданады. Аталмыш акция 2024 жылдың 6 қазанында өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы күні қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 80 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады.

Read More

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мемлекетіміздің мықты тірегі екеніне сенім білдіре отырып «Отанымыздың аумақтық тұтастығын сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Ежелден ата-бабаларымыз жерімізге ешкімнің қол сұғуына жол бермей, оны қасық қанымыз қалғанша қорғауды бізге өсиет етіп қалдырған. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай қастерлеу – біздің және келесі буынның басты міндетіміз. Біз ұрпағымызға біртұтас, қуатты мемлекет қалдыруымыз керек. Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты қорғау арқылы ғана біз озық әрі дамыған мемлекет құра аламыз. Қарулы күштер осы іргелі құндылықтарды сенімді қорғауға ықпал етеді», — деген еді. Жаһандық қауіпсіздіктің өзектілігі артып отырған қазіргі әлемде Қарулы Күштердің рөлі әрбір мемлекеттің ұлттық қорғаныс қабілетінің…

Read More

Билік пен заң өкілі – полиция қызметкері кәсіби қызме­тін­де немқұрайдылыққа, ұқып­сыз­дыққа, білімсіздікке бой ал­дырмауы тиіс. Адамгершілік тұр­ғыдан оның қателіктерге жол беруге қақысы жоқ. Полиция қызметкерінің мінез-құлқы адам­гершіліктің талабына сай болуы шарт. Өйткені ол – Қазақстан Рес­­публикасының халқына құқық­­тық қызмет көрсетуші тұл­ға. Олай етпейінше, полиция қызмет­керінің қоғамдағы салмағы кеміп, беделі мен абыройына нұқсан келері қақ. Полиция өкілі өзіне артылған сенімді ақтауда алдымен патриоттық сезімді, әділеттілікті, абыройлы болуды негізгі ұстаным етіп алуы қажет. «Мен елім мен азаматтардың нағыз қорғаушысы боламын, кез келген әділетсіздікке қарсы тұратын адал және сенімді полицей боламын, өз борышымды абыроймен орындаймын» деген ойды санаға әбден сіңіріп, халықтың жағдайына бей-жай…

Read More

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные выбросы играют ключевую роль в этом процессе. С 2015 года, когда было подписано Парижское соглашение, международное сообщество активно ищет пути для сокращения выбросов парниковых газов. На сегодняшний день 194 страны, включая Казахстан, приняли на себя обязательства по уменьшению углеродного следа. В этом контексте атомная энергетика выступает важным инструментом для достижения климатических целей и перехода к устойчивому развитию. Выбросы углекислого газа (CO₂) от энергетического сектора составляют более 40% всех глобальных выбросов, что делает эту проблему одной из наиболее актуальных для борьбы с изменением климата. Основные источники углеродных выбросов включают:…

Read More

Кейде бір істің басына сәл ғана жылулық, мейірімділік немесе кішкене көмек жетпей тұратыны аңғарылады. Жақын адамыңның, қария кісілердің қам көңіліне қарап жанында болу қажет, дегенмен бір сәтке қауырт шаруамен шығып кетудің соңы кейде «әттеген-айлап» өкіндіретіні қиын. Түркістан облысы Ордабасы ауданының полициясына түнгі уақытта 102 пультіне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, көрші тұратын әжейдің есінен танып, үйінің балконында жатқанын хабарлайды. Учаскелік инспекторлар уақыт күттірместен оқиға орнына келеді. Олар пәтер иесінің балконына өрмелеп шығып, жедел жәрдемді шақырып, ол келгенге дейін қарияға алғашқы көмек көрсетеді. Сондай-ақ оның 32 жастағы қызы қарт әйелмен бірге тұратыны анықталды. Оқиға орын алған күні ол үйде болмаған. Полиция қызметкерлері…

Read More