Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ОТБАСЫ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТБАСЫ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

authorBy author11 октября, 2024Updated:18 октября, 2024Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұлт тірегі – Отбасы» тақырыбы аясында Ө.Жәнібеков атындағы педагогикалық университеттің жастарымен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
11Отбасы қоғамның тірегі. Бүгінгі ұрпақ ол – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз – қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты, жарасымды тұлға тәрбиелеп өсіру. Өтіп жатқан іс-шараның мақсаты да жас буынға отбасы институтының қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау. Соңғы жылдары елімізде отбасы тәрбиесі, құндылықтары мәселесіне мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде. Бұл қызметте әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның алатын орны ерекше.
Жиында Назарбаев университетінің профессоры, «InterPress Ih» халықаралық тілдер орталығының директоры, комиссия төрағасының орынбасары Ардақжан Жакенова, Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айғаным Мұхтарқызы сөз сөйлеп, қоғамдағы орын алып жатқан келеңсіздіктер мен зорлық-зомбылық жайлы, әйелдердің құқығы, әдеп-инабат өлшемдері жайлы айтты. «Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек» деген пікір айтқан спикерлер жастардың сұрақтарына жауап берді.
– Бүгінгі іс-шараның біздің оқу ордамызда өтуі заңдылық. Өйткені университетімізде 7500 студент бар болса, оның 7000-ы қыздар. Кездесу үлкен диалог алаңы болды. Сонымен қатар, «Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсымен» бірлесіп «Аналар мектебін» құрмақшымыз. Университет білім алушыларының көпшілігі болашақ ана, педагогтар. Жаңа жоба олардың тәрбие бағытын, отбасылық құндылықтар мен ұлттық педагогика негізін қамтитын болады, – дейді университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева.
Кездесу барысында қатысушылар отбасылық мәселелердің түрлі аспектілерін талқылап, жастарға қажетті кеңестер берді. Жастар өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды. Спикерлер отбасының қоғамдағы рөліне тоқталып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Іс-шараның қорытындысында Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Аружан Руслан отбасы құндылықтарының нығаюы мен болашақ ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие берудің маңызын айта келе, мұндай кездесулердің тұрақты түрде өткізіп тұратындықтарын жеткізді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.