Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ»
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ»

authorBy author11 октября, 2024Updated:18 октября, 2024Комментариев нет9 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Қазақтың белгілі ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Төлеген Тәжібаевқа Шымкент қаласының көрнекті жерінен ескерткіш-бюсті ашылды.
Өткен ғасырдың басында дүние есігін ашып, кеңестік дәуірдің барлық қиын кезеңдерін басынан кешіріп, артында өлмес ғылыми мұра қалдырып кеткен қазақтың көрнекті қайраткеріне қандай құрмет көрсетілсе де артық болмайды.
Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, сөз сөйледі.
– Қазақ топырағынан шыққан жарық жұлдыздарымызды ұлықтап, оларға лайықты құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Бұл ескерткіштің Шымқаланың көркіне көрік қосып, жастарымыздың бойына патриоттық сезім беретін рухани орынға айналатынына сенеміз, – дейді Сәрсен Абайұлы.
Мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев ғалымның қазақ еліне сіңірген еңбектеріне тоқталды.
– Көзі қарақты қауымға Төлеген Тәжібаевты таныстырып жату артықтау көрінеді. Отызында республика Халық ағарту министрі, отыздан сәл асқанда Республика үкіметі төрағасының орынбасары, әлі қырыққа толмаған кезінде Сыртқы істер министрлігін өз қолымен құрып, оған басшылық етуі, елдің бас оқу орны – Ұлттық университеттің ректоры болуы көптің емес, ілуде біреудің ғана маңдайына жазылатын сәттер. Оның жолы даңғыл болған жоқ, аяқтан шалушылар көбейген. Оған Мәскеу де араласып, сүріндірген, құлатқан да кезі болған. Көбіне құлаған адамның тұруы, қайта биікке көтерілуі қиын. Ал Төлеген Тәжібаев қайта көтерілген адам. Қайтадан үкімет төрағасының орынбасары болып, мәдениет министрінің қызметін қоса ат­қарған. Академик болып сайланды. Ғылымды да ұмытпай, республикада психология ғылымының негізін қалады,– дейді қоғам қайраткері.
Шара Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де конференцияға ұласты.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.