Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ӘСКЕРИ САЛАДА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – АРМАНЫМ ЕДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘСКЕРИ САЛАДА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – АРМАНЫМ ЕДІ

authorBy author14 октября, 2024Updated:12 ноября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Еліміздің қорғаныс саласындағы басты міндеттердің бірі – әскерді сапалы кадрлармен қамтамасыз ету. Егемен­діктің алғашқы жылдарында тұңғыш рет өзінің кәсіби армиясының негізін қалаған Қазақ елі әскерді замануи құралдармен жарақтандыру, ұлттық кадрлар дайын­дау ісіне үлкен күш-қайрат жұмсалғаны белгілі. Осы тұста ел президентінің бастамасымен армияға білікті мамандар шақырылды, жергілікті оқу орындарында жаңадан факультеттер ашылып, материалдық-техникалық базасы күшейтілді, сондай-ақ еліміз офицерлерді өзге мемлекеттерде оқытуды жолға қойды.

Арада ширек ғасырдан сәл асатын уақыт өткенде қор­ғаныс саласындағы жағдай түбегейлі өзгеріп, аталған мәселе түбірімен жойылды. Осының арқасында ар­мия сапы білікті кадрлармен толықты.

Түркістан облысы Түркістан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында тәртіп сақшысы Садыков Русланжан 1994 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылында дүниеге келді. 2013-2017 ж.ж. Алматы қаласы Абай атындағы қазақ педагогикалық университетінің «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасында білім алады. Университет қабырғасында оқып жүріп, 2014-2015 ж.ж. әскери кафедрасын бітіріп, запастағы лейтенант атанды. Түркістан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен келісімшарт негізінде жұмыс істеп жүр.

Оның айтуынша, бүгінде денсаулығы мен мінездемесі талапқа сай әрбір азаматтың әскери салаға жұмысқа орналасуына ешқандай кедергі жоқ. Оның үстіне қорғаныс саласына келуге ынталандыратын жеңілдіктер де жетерлік. Қорғаныс министр­лігіне қарасты оқу орындарында әскери салаға қажетті мамандықтарды даярлайтын факультеттер де қажетті деңгейде ашылған. Тіпті қыз-келіншектердің де әскери саланың есеп, қаржы, медицина салаларында жұмыс іс­теулеріне мүмкіндіктері бар.

– Соңғы жылдардың өзін­де әскери қызметшілердің жалақылары жоғарылап, тұрмыстық мәселелерін шешуге басымдық берілді. Олар­ды тұрғын үймен қам­тамасыз етудің қарапайым әрі тиім­ді жолы бекітілді. Тиісінше, мемлекет тарапынан әскери салаға талап та күшейтілді. Қазіргі күні осы саланы білікті әрі жігерлі жас мамандармен толықтыруға басымдық берілуде. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында қазір мамандар тапшылы­ғы жойылды. Бүгінде бұл салада қызмет ету азаматтарымыз үшін үлкен мәртебе саналады. Жыл өткен сайын заңнамалар да жетілдіріліп, саланы құқықтық тұрғыдан нығайтудың жан-жақты ша­ралары да жүзеге асуда. Білімін одан әрі тереңдетемін, біліктілікті арттырамын деген қызметкерлерге үлкен мүмкіндіктер бар, – дейді ол.

Біздің отбасымызда түрлі мамандық иелері болғанымен, әскери адам жоқ екен. Мектепте оқып жүргеннен «өзімнің әскери қызметте жұмыс істеп жүргенімді» елестетіп армандадым. Мақсатыма жету үшін оқуға түсіп, ойдағыдай бітірдім. Қазіргі таңда арманыма жетіп, ойымдағы қызметті атқарып жүрмін. Басқармада басты міндетіміз – жастар арасында тәрбие ісін жүргізу. Яғни ҰОС, Ауған соғысының, Семей, Чернобыль апатының, Таулы Қарабақ ардагерлерімен бірлесіп жастар арасында түрлі патриоттық рухта тәрбиелік жиындар өткізу. Аталмыш жиындар ҚР Қарулы Күштерінің беделін көтеру және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылады. Бұл жиындардың маңызы зор, олар патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік, халық бірлігін нығайту, ұлт тұтастығының бекем болу, бір мемлекетте өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті және бейбіт өмір сүрулеріне тілеулес болу сезімдерін қалыптастырады. Ал тәрбиемен шыңдалған патриотизм – Отанды қорғау сәтінде өз қуатын көрсетеді деген сенімдемін.

Атап өткен ардагерлермен бірге мектеп, колледждерге барамыз, ол кісілер әскер туралы мағлұматтар беріп, әскерге бару туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, өздерінің өмір жолдарынан мысалдар келтіріп, жас жеткіншектерді әскерге шақыруға үлестерін қосып отырады. Таяуда ардагерлерімізбен бірге әскерден оралған сарбаздардың алдынан шығып күтіп алып, олардың отбасымен аман-есен қауышуларының куәсі болдық. Сондай-ақ Арыс, Айбын, Барыс жастар базасы әскери патриоттық клубтарымен тығыз қарым-қарыстамыз. Осындай бірлескен жұмыстардың арқасында жас ұрпақтың бойына туған жерге деген сүйіспеншілік, елжандылық пен отаншылдықты дәріптеп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан жұртының рухани бірлігін нығайту, өскелең ұрпаққа тәрбие беру жолындағы еңбегіміз үшін Ауған соғысы ардагерлерінің атынан алғыс хаттармен марапатталдық. Сондай-ақ жұмылдыру даярлығы, қызметтік іс-шаралар және әскери тәртіп пен мемлекеттік-құқықтық дайындықта қол жеткізген жетістіктеріміз үшін Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бөлімшелер арасында сол басқарма басшылары атынан грамоталарға ие болдық, — деген жас маманның бойынан мақтаныш сезімін байқадық.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.