Автор: author

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «АМАНАТ 111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы төмендегі сұрақтар бойынша жұмыс жасайды. • Балаларға қауіп төндіретін нысандарды көрсеңіз • Сізде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері белгілі болса • Өмірлік қиын жағдайдағы отбасын білсеңіз • Егер өзіңізге немесе досыңызға қауіп төніп тұрса • Егер сізді біреу қорқытса немесе ренжітсе • Егер сізге көмек керек болса «111» нөміріне хабарласыңыз! Қоңырау шалу арқылы өзіңіздің немесе жақындарыңыздың өмірін сақтап қаласыз! Қоңырау шалу тегін!

Read More

Полиция қызметкерлеріне асығыстыққа жол беруге болмайды, кез келген әрекетте ұқыптылық пен тапқырлық қажет. Ол үшін сақадай сай болу, жылдамдық және қай уақытта болсын ауа райының түрлі құбылысына қара­май шақыртулар мен түрлі оқыс оқиғаларға баруға дайын тұратын даярлық қажет. Мүлт кеткен қателік кейде орны толмас өкінішке алып келетіні белгілі. Ал осындайда алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дегендей қырағы полицияның қысылтаяң уақытта батыл әрекет, оңтайлы шешім қабылдай алатындығы қауіпсіздікті біршама сейілтеді. Мұны айтуымызға себеп патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапарханның жас жігітті ажалдан арашалап қалған оқиғасы.  Республикалық маңызы бар  «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолының 155-130…

Read More

Апат айтып келмейді. Сол үшін сақ жүрген жөн. Дегенмен, кенет үйден өрт шықса оқиға орнына алғаш жететін полиция қажет болса өрт сөндірушінің де қызметін атқарып кететін жағдайлар кездеседі. Яғни, алғашқы әрекет шұғыл керек болғанда көзсіз ерлікке баруға тура келеді. Өйткені адам өміріне араша болу таңдауы тұр. Ондай кезде өрт сөндірушілердің келуін күтіп тұруға дәті шыдамайтын, қайтпас та қайсар полиция қызметкерлері талай қайғылы оқиғаның алдын алып қысылтаяң уақытта оңтайлы шешiм қабылдай бiлетiн мамандар. Сондықтан бұл қызметке кездейсоқ адам келе бермейдi. Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында Сайрам ауданындағы үйдің ауласында болған өртті сөндіруге мүмкіндік туды. Яғни таңғы…

Read More

Шымкент қаласының тұрғындары Сыздықовтар отбасысы республикалық референдумға қатысты. «Мерейлі отбасы 2024»байқауының жеңімпаздары жанұяның татулығы мен бірлігін тағы бір көрсетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын ақсақал Анарбай Сыздықов ұл-қыздары және немерелерімен келіп дауыс берді. — Шаңырағымыздың шаттығы балалар. Олардың ертеңгі күні патриотшыл болып өсу үшін, саяси шешімдерге белсенді түрде қатыстыруымыз керек. Бүгінгі референдумға бір отбасыдан 11 адам келіп тұрмыз. Барлығымыз өз таңдауымызды жасадық,-дейді Анарбай Сыздықов. Сондай-ақ, 18 жасқа жаңа толған бұл отбасының мүшесі Аружан Ерланқызы алғаш рет сайлауға қатысып жатқандығын айтты. — Еліміз үшін маңызды шешім қабылдауға үн қоса алатыным үшін қуаныштымын. Жақында ғана 18 жасқа толдым. Референдумға келген…

Read More

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше еліміз бойынша дауыс берушілердің қатысуы бойынша көшбасшы мен белсенділігі төмендер анықталып жатыр. Соның ішінде Шымкент бойынша дауыс беруге қатысушылар 64,38 пайыз болып тұр. Таңертеңнен басталған дауыс беруге шымкенттіктер белсінді қатысуда. Олардың арасында қоғам қайраткерлері, түрлі саланың мамандары, аға буын өкілдері, студент-жастар т.б бар. Солардың ішінде елімізге танымал спортшылар да саяси науқанда өз таңдауларын жасауға қатысуда. Соның бірі Еркін күрестен ҚР «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Ермек Байдуашов та бар. Талай рет байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған ер мінезді Ермек елдің қарқынды дамуына бірден-бір әсер ететін фактор елімізде АЭС салу екендігін құптайды. Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері…

Read More

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл №38 референдум учаскесінде дауыс берді. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері еліміздегі аса маңызды шешімдер халықтың пікірін ескеріп барып қабылданатынын атап өтті. -Бүгін — еліміз үшін маңызды күн. Ел тұрғындары, жастар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы қуат көздерін жаңарту уақыт күттірмейді. Әлеуметтік мекемелер, көшелерді жарықтандыруға жылдан-жылға қажеттілік артып келеді. АЭС салу бойынша референдумде келешек ұрпақ үшін таңдау жасап, дауыс бердім. Қазіргі уақытта бізге ең керегі — елдің бірлігі мен ынтымағы. Баршамыз осы құндылықтарымызды сақтай алсақ, алынбайтын қамал жоқ, — деді Ж.Жаппарқұл.

Read More

Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайтудың маңызы зор. Өйткені жер-жерде болып жатқан оқиғалар біздің елімізге де кері ықпалын тигізе ме деген қауіп алаңдатады. Тұс-тұстан  еліміздің егемендігіне көз алартатындардың болмай тұрмайтыны белгілі. Әрине, олардың мақсаты аумақтық тұтастықты ыдырату, егемендікке теріс әсерін тигізу. 1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қазақ мемлекеттілігінің егемендік құқығын нығайту үшін негізгі, түбегейлі құқықтық нормаларын белгілеп берді. Декларация Қазақ КСР аумағында Конституция мен заңдардың үстемдігін жариялады. Жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және…

Read More

Референдумға Шымкент қаласының мәдениет майталмандары, өнер жұлдыздары да қатысып, өз таңдауларын жасады. Атап айтқанда, елімізге танымал танымал өнер жұлдызы Астана Қарғабай №99 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады. -Жастар қоғамның белсенді мүшелері. Азамат ретінде бүгінгі науқанға жауапкершілікпен келдім. Бүгін қабылдаған әрбір шешіміміз болашағымызға әсер ететініне сенемін. Референдумда қоғамды жақсылыққа ұмтылуда біріктіретін маңызды шешім қабылдануда, — дейді Астана Қарғабай. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы дауыс беру учаскелерінде таңдау жасауға барлық жағдай жасалынған. Тіпті, кей учаскелерде дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар таратылды. Сондай учаскенің бірі №290 референдум учаскесі. Онда 18 жасқа толып, алғаш дауыс беруге келген жасқа және отбасымен келген тұрғындарға сыйлық үлестірілді. Шалғай ауданда…

Read More

Всех пришедших голосовать на участок №4, расположенный в здании Ассамблеи народа Казахстана, встречали творческие коллективы хор «Светоч» славянского этнокультурного объединения, «Ажелер коркем» – ансамбль этнокультурного центра «Ынтымак», татарского центра «Замандашлар» и другие. Все они выступили с концертной программой, которая очень понравилась горожанам и подняла всем настроение. — Сегодня в Казахстане проходит референдум — это общенародное дело. Его нельзя сравнивать с выборами, но здесь так же важен голос каждого. Сегодня люди высказывают свое мнение по строительству АЭС. А творческие коллективы Дома дружбы именно для этого дня организовали концерт художественной самодеятельности творческих коллективов этнокультурных объединений, – говорит начальник отдела по организации общественно-массовых…

Read More

Шымкент қаласында тұрғында АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген адамдардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр. Мұны тұрғындардың референдум учаскелеріне ұлттық киімдер киіп келуінен байқауға болады. Шымкент қаласының халқы ұлттық салт-дәстүрге берік екенін референдум күні тағы бір рет дәлелдеді. Атап айтқанда, Түркістан сарайы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде орналасқан референдум учаскелеріне бір топ тұрғындар ұлттық киімдерімен келді. «Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін учаскеге келдік», — дейді олар. Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі…

Read More